1919 жылы 17 желтоқсанда алғаш рет оқырмандардың қолына “Ұшқын” деген атпен тиген,қазіргі Республикалық бірден-бір ұлттық басылым - “Егемен Қазақстан” газеті. Екі жылдың өзінде 200 мыңнан астам данасы шығарылған газет еліміздегі таралымы ең көп газет. Газеттің тарихы тереңде жатқаны сөзсіз түсінікті. Басылымның алғаш шығуынан бастап қазақтың ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында: Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде «Егемен Қазақстанды»: Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды. Қазіргі уақытта газетті Дархан Қыдырәлі басқарады. Газеттің республикадағы барлық өңірлерде, сондай-ақ Алматы қаласындағы филиалында өз тілшілерінің желісі бар. «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамында 100-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді.
Тарихы 1919 жылдан бастау алатын “Ұшқыннан” бастап, бүгінгі “Егемен Қазақстанға” дейінгі кезеңдерде газет атауы бірнеше рет өзгерді. Мысалы, “Ұшқыннан” кейін “Еңбек туы” одан кейін “Еңбекші қазақ” атауымен он жылдан астам уақыт “Социалды Қазақстан “ содан кейін “Социалистиік Қазақстан” атауымен дүйім ел алдына жарыққа шықты. Қанша атауы өзгергенімен даңқы жер жарды десек қателеспесіміз анық. Ал,қазағымыз егемендік алып қалың тоңын шешіп жаздай жадыраған уақытта газеттің атауы да өз мақсатына жеткендей “Егеменді Қазақстан” атауымен тұрақталып,елмен қайта қауышты. 1957 жылы газет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды . Қазақстанның тұңғыш президенті,елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Егемен Қазақстан” газетіне “Еліміздің ең бірінші басты газеті “ -деген баға берген.
Бір ғасырлық тарихы бар еліміздің басты газеттің қазіргі таңда түрлі сайттары жұмыс істеп тұр . Мысалы egemen. kz және egemennews. kz секілді сайттарын қолдана аламыз. Ал 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап,жаңа форматта түрлі түсті дизайнмен шыққан және 2018 жылы Дархан Қыдырәлінің бастауымен газет атауы латын әліпбиімен шығарылып,газеттің күнделікті 12 беті 16 бетке көбейген “Егемен Қазақстан “ газеті оқырманның ойынан ойдағыдай шықты.
Өткеніне тоқталсақ,”Ұшқын” газеті өз заманында қоғамдағы өзгерістердің барысын, жер-су, оқу-ағарту мәселелерін кеңінен жазды. Халел Есенбаев, Бернияз Күлеев редакторы болды.
Жалпы, «Ұшқынның» отыз алты нөмірі жарық көрген. Бүгінде газеттің сарғайған тігіндісі Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы тұр.
“Еңбек туы” газеттің жалғасы ретінде 1920 жылдың 13 қарашасында шықты. Ең бірінші Смағұл Садуақасов басшылық еткен газет 1921 жылдың 21 ақпанынан 1 қарашасына дейін Жүсіпбек Аймауытов секілді қазақтың біртуар азаматтары басқарды.
“Социалистік Қазақстан” 1937 жылдан бастап өзгертілген болатын. Алғашқы редакторы – Жүсіпбек Арыстанов, орынбасары – Сұлтан Лепесов, жауапты хатшысы Байдабек Алиманов болды.
Газеттің осы атаумен шыққан кезеңі саяси қуғын-сүргін жылдарынан бастап, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, «брежневтік жылымық», Желтоқсан оқиғасына дейінгі қазақ елінің басынан өткен тарихи оқиғаларды қамтыды. Газеттің ақпараттық қызметі, идеологиялық үгіт-насихат құралы ретіндегі мән-маңызы Ұлы Отан соғысы жылдарында, одан кейінгі тың игеру кезінде айрықша байқалды.
Газет атауы 1991 жылы маусымда «Егеменді Қазақстан» болып өзгерді. Осы атауымен ел тәуелсіздігін қарсы алып, 1993 жылдың соңына дейін «Егеменді Қазақстан» болып жарық көріп тұрды.
1993 жылдың 1 қаңтарынан «Егемен Қазақстан» атауымен шыға бастады. Лингвистердің пікірлерінен кейін туған талқылаулардан соң сол кездегі бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен «ді» жұрнағы газеттің атауынан алынып, «Егемен Қазақстан» болып өзгертілді және бүгінге дейін осы атпен шығып келеді.
Бір ғасырдан асатын тарихы бар қазақ баспасөзі елмен бірге жасап келеді. Тарихта қалған қасиетті құндылықтарымыздың осы күнге дейін жеткені-мерзімді басылымдардың арқасы. Жүз жылдық белестен өткен газетіміз қазіргі таңда қанатын кеңге жайып,күн сайын жаңа бағытта жаңа қырлармен ашылып дамып келе жатыр . Соның бірі ретінде интернет-редакциялықпорталын айта аламыз. Портал 2010 жылы құрылды. Жаңа технологиялық жабдықтармер қамтылған редакция білікті де білімді мамандардың арқасында оқырмандар көбейіп даңқты болып келе жатыр. Жаңалықтарына тоқталсақ,арзанқол сапасыз дүние салмайтын редакция түрлі мәселелерді қоғамда резонанс тудыратын пробоемаларды билікке жеткізу арқылы түрлі заңдар қабылдатуға шамасы жетеді. Халықтың арасында өмір сүретін,елдің сөзін сөйлейтін газет біз үшін мақтаныш. Газет егемен елдің еңсесін тіктеді,бойын көтерткізді.
Толепбергенова Айнамкөз
Журналистика факультетінің 1 курс студенті
Жетекшісі :фил. ғ. к. доцент Р. С. Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі