«БОТО «Еркем-Ай Алматы» ЖШС
ҒӘЖ директордың орынбасары: Ошақпаева Сағыныш Қонысқызы
Жоғары санатты педагог: Илиясова Гульбадям Абдикеримовна
Ойын – бұл балалар үшін қарым-қатынас, тәрбиелеу мен оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау әрекеті болып табылады [1; 45]. Ойын процесінде үлкендерге еліктеу, қатарластармен мәмлеге келу, тіл табысу арқылы бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады. Қандай да бір ойынның мән-мағынасын ашатын, сол ойынды жандандыратын құрал-ол ойыншықтар болып табылады.
Бұл сұрақтың кейбір аспектілері келесі зерттеулерде көрсетілген:
– балалар ойынының психологиялық ерекшеліктері (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорожец, П.Я.Голперин және т.б.);
– ойынның даму кезеңдері (Р.Я.Лехтман-Абрамович, Ф.И.Фрадкин, Ж.Пиаже, А.Валлон және т.б.);
– балалар ойыншықтарының типологиясы мен жіктелуі (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Е.А.Флерина, Д.В.Менджерицкая, С.Л.Новоселова және т.б.);
– мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің педагогикалық әдістері (А.П.Усова, З.М.Богуславская, Б.П.Никитин, С.Л.Новоселова және т.б.);
– мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметінің психологиялық тәсілдері (В.С.Мухина, Х.Т.Шерьязданова, Г.М.Қасымова, У.А.Ауталипова және т. б.);
– қазақ халық ойындары мен ойыншықтарының тәрбиелік мүмкіндіктері (Н.Құлжанова, А.К.Айтпаева, Б.Баймұратова, С.А.Ұзақбаева және т.б.) сынды ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Ойыншық-белгілі бір материалдан жасалған, пішіні мен мазмұны, мән-мағынасы бар мәдени құбылыс болып табылады. [2; 34]. Бейнелеп айтқанда, ойыншық-бұл өмір мен қиялдың, болмыс пен сананың «айнасы».
Ойыншықтар таңдағанда оларға педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Және бүгінгі күндегі ойыншыққа қойылатын басты талап ол қауіпсіздігін «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ҚР 2007ж. 21шілде №306 Заңы реттейд і[3; 2].
Туылғаннан бастап нәрестелер сезім мүшелерінің көмегімен өздерін және олар үшін жаңа әлемді зерттей бастайды. Осы кезеңде бала ананың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына мұқтаж, оның дауысын есту, оның жанасуын сезіну маңызды. Бірақ заттармен ойнау дағдысы кейінірек пайда болады, сондықтан балаға бірден көп ойыншық сатып алмауыңыз керек.
Бұл жастағы балалар өте тез дамиды, күн сайын жаңа дағдылар пайда болады және 3 ай шамасында олар кішкентай ойыншықтарды қолдарында ұстай алады, сондықтан кеміргіштер мен сылдырмақтарды алу қажеттілігі туындайды. Мұндай ойыншықтарды таңдағанда, баланың қолында ұстауы ыңғайсыз болмауы үшін олардың салмағы мен пішінін ескеру қажет.
Бала етбетінен жатқанда, ол айналасындағы заттарға көбірек қызығушылық таныта бастайды, өйткені оның көзіне қоршаған әлем кеңірек ашылады. Осы кезеңде балаларға музыкалық ойыншықтар өзекті бола бастайды, өйткені нәресте дыбыстарға көбірек жауап береді.
6 айдан бастап баланың тактильді қабылдауы дамиды. Енді оны әртіүрлі текстурадағы матадан тігілген кітапшалар жұмсақ тоқыма кітаптары қызықтырады.
Балалар физиологиялық дамуына сәйкес отыруды үйренген кезде, лақтыру рефлексі пайда болады. Осы кезде олар доптармен лақтырып ойнап манипуляциялар жасауға көшеді.
9-12 ай шамасында балалар дөңгелекті машиналар немесе жануарлар сияқты жүргізіп ойнауға болатын ойыншықтарға тартыла бастайды. Бала жасы неғұрлым үлкейген сайын, соғұрлым ол қозғалмалы элементтері бар ойыншықтарға қызығушылық танытады, оларды ауыстыруға, қайта реттеуге, әртүрлі бағытта жылжытуға болады, мысалы, лабиринттер немесе жыландар. Мұндай ойыншықтар өте пайдалы, өйткені олар ұсақ моториканы дамытады.
1 жасқа дейінгі ұсынылған ойыншықтар:
* Кеміргіштер (Грызунки);
* Сылдырмақ, сақинадағы тоқылған сылдырмақтар болуы да мүмкін;
* Мобильдер;
* Музыкалық ойыншық;
* Дамытатын төсеніш (Развивающий коврик);
* Балалар коляскасына арналған сылдырмақтар;
* Жұмсақ массаж шарлары;
* Текстильді дамытушы кітапша.
3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар
(1 жастан 3 жасқа дейін)
1 жасында бала ойын әрекетінің негізгі дағдыларын игере бастайды және 2 жасқа дейін негізінен қарапайым ойыншықтармен және заттармен ойнайды. Бұл пирамидалар, сортерлер, жұмсақ немесе ағаш текшелер, үлкен бөлшектері бар конструктор, үш-төрт бөліктен тұратын басқатырғыштар болуы мүмкін. Ұсақ моториканы, логиканы және ойлауды дамыту үшін түймелер, бекіткіштер, шпингалеттер, шілтерлер, ауыстырып қосқыштар және т.б. сияқты әртүрлі элементтерді орналастыратын бизиборд өте қолайлы.
2-3 жасында бала ересектердің мінез-құлқына еліктей бастайды, оны өз ойынында көрсетеді. Ойын негізгі іс-әрекетке айналады, ал жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, роботтар оның құралы ретінде қолданыла бастайды. Мысалы, сәби қуыршақты төсекке жатқызуы немесе жұмсақ қоянды тамақтандыруы мүмкін, осылайша ата-анасының әрекетін қайталайды. Уақыт өте келе баланың ойыны күрделене түседі-ол өз тәжірибесіне сүйене отырып сюжеттер ойлап табады және барлық кеіпкерлер үшін өзі сөйлейді.
2 жасында балалар айтарлықтай физикалық белсенділік танытады. Бұл жаста балалар секіру, жүгіру дағдыларына машықтанады. Ал 3 жасқа дейін олар велосипедті игеретін болады. Енді олар жаңа ойын- құмсалғыш пен әткеншегі бар ойын алаңын ашады. Осы жастағы балаларды тербелетін ойыншық қуантады, оған мініп, алға-артқа тербеліп, ойыншықты өз салмағымен итеруге болады. Бұл көңілді ғана емес, сонымен қатар баланың дамуы үшін де пайдалы, өйткені оның қозғалысын үйлестіру әрекеті жүргізілгенімен қатар вестибулярлық аппарат жақсарады. Баланың қауіпсіздігі үшін ойыншықтың бөлшектері берік бекітілген, ал амплитудасы аз болуы керек.
1 жастан 3 жасқа дейін ұсынылатын ойыншықтар:
* Пластикалық немесе ағаш пирамидалар;
* Жұмсақ матадан немесе ағаштан жасалған текшелер;
* Сортер;
* Каталка-сортер;
* Ірі конструктор;
* Үлкен бөлшектері бар басқатырғыштар;
* Есте сақтау карталары;
* Магниттік тақталар мен әріптер;
* Жуынатын бөлмеге арналған ойыншықтар жиынтығы;
* Неваляшка;
* Ағаш немесе пластикалық машиналар;
* Жануарлар түріндегі жұмсақ ойыншықтар;
* Қуыршақтар;
* Саусақ ойыншықтарының жиынтығы (Набор пальчиковых игрушек);
* Робот ойыншық;
* Бақшаға арналған жинақ (шелек және тырма);
* Жағажай мен құмсалғыш жинағы;
* Тұрмыстық заттар түріндегі ойыншықтар;
* Доптар;
* Вигвамдар;
* Батуттар;
* Балаларға арналған су бластері (водяной писталет);
* Үш дөңгелекті велосипед;
* Сурет салуға арналған қарындаштар;
* Бояулары.
3-5 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
3 жастан бастап балалар рөлдік ойындарға қызығушылық танытады. Бұл жаста бала ересек адамның рөлін алады және оны өзі жасаған ортада орындайды. Ол пациенттерді емдейтін дәрігер немесе кішкентайына күтім жасайтын және оған тамақ дайындайтын ана болады. Осы кезеңде баланы белгілі бір сюжетті қайта құруға көмектесетін дәрігер жиынтығы, ойыншық ас үй, қуыршақ үйі, коляскалар және басқа мамандықтар бойынша жиынтықтар қызықтырады.
Ойынның осы түрінің арқасында бала қиялын дамытады және әртүрлі шығармашылық қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді, ойында ол әртүрлі дереккөздерден-мультфильмдерден, ертегілерден, нақты өмірден алынған білімді біріктіреді. Осы кезде оған ата-анасының тікелей қатысуы қажет емес болады. 4 жасында бала ойыншықтармен ғана емес, сонымен бірге құрдастарымен де ойнай бастайды, ол доппен ойындарға қызығушылық таныта бастайды.
5 жасында балалар әдетте өз бетінше киініп, шешініп, өз бөлмесіндегі жеке гигиена мен тәртіпті қалай сақтау керектігін біледі. Олар әріптер мен сандарды біледі, пішіндер мен түстерді ажыратады және қарапайым мәтіндерді оқи алады. Бұл жаста балаларға логикалық және стратегиялық ойындар ұсынуға, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады. [4; 128].
Бұл жаста балалармен картоннан, түрлі-түсті қағаздан және импровизацияланған материалдардан қолөнер, аппликация жасап ойнауға болады. Ата-аналардың қатысуымен балалар Қарындаштар мен бояулармен суреттер сала алады, сондықтан олар қолөнер мен шығармашылық үшін әртүрлі материалдарды қажет етеді.
3 жастан 5 жасқа дейін ұсынылатын ойыншықтар:
* Мамандықтар бойынша ойыншықтар жиынтығы;
* Зерттеушінің ойын жиынтығы;
* Дәрігер, тіс дәрігерінің жинағы;
* Жағажай мен құмсалғыш жинағы (Шелек, рамекиндер және тырма);
* Қар мен қарға арналған күрек пен тырма жинағы;
* Су құйғыш;
* Үлкейткіш әйнек;
* Магниттік конструктор;
* Құрылыс блоктарының жиынтығы;
* 10-20 элементтері бар басқатырғыштар;
* Рөлдік ойындарға арналған ойыншықтар (ас үй, тұрмыстық техника);
* Қуыршақ үйлері;
* Азық-түлік түріндегі ойыншықтар;
* Ойыншық жемістер мен көкөністер жиынтығы;
* Қолөнерге арналған жинақ;
* Сурет салуға арналған жинақ;
* Балансир;
* Самокат;
* Дартс;
* Ойынға арналған доп;
* Скакалка;
* Роботтар;
* Қашықтан басқару машиналары.
Бүгінгі күнде өмірімізге электронды жабдықтар мен компьютерлердің белсенді түрде енуіне байланысты бала үшін ойыншықтардың маңыздылығы мәселесі өте өзекті болып табылады. Ал дүкен сөрелерінде педагогикалық талаптарға сай келмейтін ойыншықтардың пайда болуы шын мәнінде қынжылтады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Гаспарова Е. Ведущая деятельность дошкольного возраста// Дошкольное воспитание. -2007. - №7- С.45-50..
2. Игрушки и пособия для детского сада / под ред. Изгаршевой В. М. М.: Просвещение, 2007. - 280 с.
3. Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ҚР 2007ж. 21шілде №306 Заңы
4. МарковаТ.А. Воспитателю о детской игре//Пособие для воспитателя детского сада/Т.А.Макркова - М.:Просвещение, 2013.-128 с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі