«Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады», - деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай, ұлттық журналистиканың даму тарихына зер салсақ, оның тағылымды жолының ұлттық сана – сезімді қалыптастырудағы рөлінің қаншалықты маңызды болғанын айқын көруге болады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», - деп мағыналы анықтама бере отырып, ашылып, шашылып жатқан халықпа.
Шашылмай қалуына амал ету керек емес пе? Сол ғаламға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі – газетте», - дейді. Ұнқағаздың пайдасын осылай түсіндіріп, қазақтың арын арлаған алаш қайраткерлерімен біріге отырып, 1913 жылдың 2 ақпанында «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның бас редакторы қызметін атқарады. «Қазақ» газеті өзінің міндет – мақсаты жайлы алғашқы санында былай деп жазылады: «Бұл газеттің мақсаты – жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына ғылым, өнер жыйылуына басшылық ету басқа жұрттардың халінен хабар беріп таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін, закүндерді, хакімдердің бұйрық – жарлықтарын білдіріп тұру.
Гасударственная дума һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және кейінгі жайын жазу; күнелту, сауда, кәсіп, жер – су, егін, мал шаруасы жайынан кеңесу, оқыту, мектеп – медресе, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету, адам һәм мол дәрігерлігі жайында жазу». Бұдан кейінгі сандарында да газет осы алған бағытынан ауытқымайды. Қазақ өзін – өзі басқаруы керек деп ақиқаттың шындығын батыл түрде талап етуі патша үкіметіне де, кеңес өкіметіне ұнамады. Тексеру, тінту, тергеуден көз аштырмай, ақыры 1918 жылдың қазан айында жауып тынды. Бұл басылымның халық үшін атқарған қызметінің орасан зор болғанын М.Әуезов 1923 жылы: Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектенген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек – жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын.
Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді?... «Ахаңның екпіні болатын»,- деп табына отырып жазған еді. «Қазақ» газеті десек, алдымен А.Байтұрсынұлының есімі ойға оралды. Ол туралы айтқанда «Қазақ» газетіне соқпай өте алмаймыз. Бұл екеуі кәдімгі егіз ұғым – егіз өрімдей болып қатар аталады. «Қазақ» - қазақ баспасөзінің көшбасшысы болса, А.Байтұрсынұлы – қазақ журналистерінің пір тұтары. Қазақ баспасөзінің кемеңгері деп ардақ тұтамыз. Өйткені маңдай терін төгіп, отарлық езгімен арыстандай алысып, қайрат көрсеткен А.Байтұрсынұлының тұлғасы «Қазақ» пен қазіргі газеттердің арасында даналық көпіріндей дараланып көрінеді.
«Қазақ» газетінен бастау алған «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Егемен Қазақстан» және т.б. құралып келіп, бүгінде қазақ газеттерінің құрамына 12 басылым, 3 интернет портал кіреді. Қазіргі бұл басылымдар – «Қазақ» газетінің мұрагерлері. Сондықтан олар да ел өмірінің шарайнасына айналып, миллиондар трибунасындай сипатта көрініс тауып отыр. Журналистер қауымы ел талабынан шығып, елімізде, әлемде болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде жеткізеді. Парламент, Үкіметте болып жатқан игілікті шаралар жайында ерен еңбегімен елге танылған азаматтар туралы, алғы қатардағы ұжымдар жайлы, т.б. туындап жатқан проблемалардан хабардар етіп, ел тынысын дөп басып, ой – өрістің зерделену деңгейін арттыруға септігін тигізуде журналисттік қызметтің маңызы зор. Олардың қызметіне ел – жұрт құрметпен қарайды.
«Егемен Қазақстан» басылымында өзіндік қолтанбасын қалдырған ХХ ғасырдағы ең үздік бес қазақ журналисін бағамдап атайды. Олар: Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Баубек Бұлқышев, Шерхан Мұртаза, Марат Қабанбай. Алаш ұлт – азаттық қозғалысының лидері Ә.Бөкейхоновтың есімі кәсіби журналист, публицист ретінде қазақ журналистикасының тарихынан ойып тұрып орын алады. Сәйкен Сейфуллин – сауатсыздықпен күрес мәселесінде, халық атауын «Қазақ» деп қалдыруға, туған тілінің қадірін арттыруға зор мүмкіндіктерге ие болған дәуірдің теңдессіз журналист саналады. Б.Бұлқышев – отанға деген шексіз махаббатымен және өмір сүру мұраты мен достар арасындағы адамдық пен кіршіксіз сезім пернелерін философиялық тереңге бойлап жазатын қуаты мол публицист. Ш.Мұртаза мен М.Қабанбай да өздерінің өткір – өткір мақалаларымен елді дүр сілкіндіріп жаңа ойлы, тәуелсіз қазақ баспасөзінің алдыңғы қатарынан көрінді.
Кейінгі жылдары да олардың қатары артып, талантты журналистердің жаңа легі қосылып көбейіп келеді. Олардың көтерген проблемалық мәселелерінен үйренерлік үрдіс мол. Бірақ, әрине, бұл кезеңде де журналисттер қауымы үшін кездесетін өзіндік қиындықтары бар. Бүгінгі күндері ойландыратыны – ендігі ақпараттық саясатқа деген сауал. Бұл сұрақ ақпарат айдынындағы журналистерді де толғандырады. Бұл проблеманың да шешімі табылады деген сеніммен үміт алға жетелейді.
Мәншүк ТАХАН, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі