Өлең, жыр, ақындар

Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы ҚазҰУ-дың рөлі!

Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  әлемнің танымал университеттерінің қатарында. Бұл серпіліс ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы мен студентіне мақтаныш сезімін ұялатады,шын мәнінде,үлкен жетістікке тағы да қадам басуға жетелейді. Университет құрылымдық тұрғыдан кешендіжаңғыртылды,  нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі және жетістіктерді рейтингтік бағалау неғұрлым тиімді және айқын көрініс табуда.Әлемнің жетекші университеттерінің үлгісі бойынша ҚазҰУ-де эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленді, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бағдарламалар енгізілді.

Жоғары білім беру жүйесінде болашақ кәсіби мамандарды даярлау еліміздің экономикасын, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени құрылымын дамытуға және әлемдік нарықтарға интеграцияланған бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бағытталған сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделсе, қазіргі уақытта еліміздің ғылымын дамыту мақсатында студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту және олардың шығармашылық қабілеттерін, іскерліктерін дамытуға орай университет ауқымды істер атқаруда.

Осы бағытта, бірегей факультеттердің бірі «Тарих» факультеті еліміздің қоғамдық-әлеуметтік саласына қажетті мамандарды дайындауда  орасан зор жетістіктерге жетіп отырған факультеттердің бірі болып саналады. Факультет әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында мамандар дайындайды, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге бірнеше  білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану, исламтану, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен сәйкес жүзеге асуда. Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға, цифрлы қоғамда сапалы жаңа ақпаратты алуға, интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерді бойға жинақтауға, әр студенттің  табиғи  талантын ашуға, әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйренуіне, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін дамытуларына мүмкіндік тудыруда,  факультеттегі барлық кафедралар өзара байланыста  қызмет етеді. Атап айтқанда, «Археология және этнология» факультеттері ғылым мен білімнің өзара сабақтастығында болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың үлгісінде университетіміздің ғылыми-зерттеу  бағытындағы қызметі маңызды болып саналады.Кафедраның ғылыми-зерттеушілік потенциалы, білім беру мен оқытудағы  жаңашылдық бағыты жоғары деңгейде.

Университеттің қарқынды дамуы еліміздің игілігіне қызмет ететін мамандарды дайындаудың  үлгісі  деп айтсақ та артық болмайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болашақ маман иелеріне кәсіби  сапалы білім беруде заманауи ғылы­­ми-зерттеулер жүргізуге, жаңашылдықты өндіріске енгізе  алатын, таңдаулы оқу орны болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих факультетінің 2 курс магистранты Шайдозым Н.Д.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Пікірлер