Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы 15 қаңтарда ашылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- і халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің «әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы әлеуметтану мамандарын даярлайды. Кафедра әлеуметтанушыларды барлық үш деңгейде оқытады: бакалавриат, магистратура және докторантура. ҚазҰУ-ға қабылдау www.kaznu.kz мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Мұнда магистратурада бакалавриатпен салыстырғанда, қосымша әлеуметтанудан басқа «еңбек әлеуметтануы және HR басқару» деп аталатын дисциплина бойынша мамандарды оқытады. HR «human resource», яғни адам ресурстары дегенді білдіреді. Әлеуметтанушылардың жұмысы біздің қоғамдағы әртүрлі тенденцияларды, өзгерістер мен түрлі динамикаларды зерттейді. Мысалы, әртүрлі салалардағы адамдардың құндылықтарын немесе мүдделерін зерттеуден бастап, экономика, саясат, медицина немесе әлеуметтік сала және т. б. қарастырады.
Біздің кафедрада әлеуметтану бойынша бакалавриатта оқыту 4 жылды құрайды. Содан кейін сіз магистрант және докторант ретінде оқи аласыз. Мұнда оқытуды кафедра меңгерушісі, сондай-ақ профессор және әлеуметтану ғылымдарының докторы Әбдірайымова Г.С. басқаруымен жетекші оқытушылар мен профессорлар жүргізеді. Теориялық біліммен қатар, біз практикалық тәжірибені алып жүреміз. Мысалы, әлеуметтанулық зерттеу саласындағы мамандармен жұмыс істеу, жобаларға қатысу, әлеуметтанулық талдаулар жасау және алынған мәліметтерге сүйене отырып әртүрлі нәтижелерді анықтау, сондай-ақ сауалнамалармен жұмыс істеу, «SPSS» бағдарламасымен айналысу. Бұл бағдарламада біз зерттеу барысында алынған ақпараттың үлкен массивтерін өңдейміз.
Өзім университет қабырғасында жүріп Варшава университетіне (Польша) бір семестр бойы академиялық мобильділік бағдарламасы аясында білім алып келдім. Мен үшін өте үлкен тәжірибе, білім болды. Университет осындай мүмкіндік бергеніне қуанамын.
Сонымен қатар, біздің кафедраның оқытушылары социологиялық қызмет көрсету ұйымдарында үлкен тәжірибеге ие. Олар бізге тек теориялық оқытуды ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың табысты және жемісті жұмыс істеуі үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін көрсетеді. Олар бізде сыни және аналитикалық ойлауды дамытады, деректерді өңдеудің стандартты және стандартты емес тәсілдерін үйретеді, әрқашан бізде шеберлік пен еңбекқорлықты дамытуға көмектеседі.
Біздің кафедрада жыл сайын әлеуметтану мамандарының үлкен топтары шығарылады, олар болашақта осы салаға үлкен үлес қосады, сонымен қатар оны дамытуға көмектеседі.
3 курс студенті Турмаганбетова Рамира
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқу және тәрбие ісі бойынша меңгерушінің орынбасары Сарыбаева И.С.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі