Өлең, жыр, ақындар

Рейтингтер көшбасшысы – ҚазҰУ

Еліміздегі ең көп салалы, білім сапасы жоғары, заман талабына сай білім беретін, сұранысқа ие, педагогикалық құрамы сапалы, өзге елдердің бетке ұстар жоғары оқу орындарымен бетпе-бет келе алатын, бәсекеге қабілетті білім ордалары санаулы-ақ. Соның ішінде топ бастап тұрғаны, қара шаңырақ – ҚазҰУ.

Ұлттық рейтинг бойынша, өткен, яғни 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  Қазақстан Республикасының «ЖОО cұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2023» рейтингінде көшбасшы болып, топ жарды. Бұған дәлел жоғарыда айтылған барлық талаптарға ҚазҰУ-дың сай келуі. Бұл өз еліміздің ішіндегі бағалау болса, алыс-жақын шет елдермен бір кестеге түсе аламыз ба?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша «QS World University Rankings (QS WUR) – 2023» рейтингінде 230 орын алды. Рейтингті өткізу кезінде «академиялық бедел», «жұмыс берушілер арасындағы бедел», «бір оқытушыға шаққандағы дәйексөздер саны», «оқытушылар санының студенттерге арақатынасы», «шетелдік студенттердің үлесі», «шетелдік оқытушылардың үлесі» сияқты көрсеткіштер ескеріледі екен. Және бұл жерде айта кету керек жағдай, бұл көрсеткіш 2010-жылы 601-650 арасында болса, 2023-жылы сол деңгейден 230-орынға жетіп отырмыз. Мақтанарлық жағдай әрине.

Рейтингтер әр түрлі негіз бен көрсеткіштер бойынша жасалады. Соның бірі, әр университеттің сапалы жұмысын көрсететін – түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша жасалатын рейтинг. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 жоғары оқу орнынан 201-250 орын алған Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны болды.

Және де соңғы рейтинг ол қазіргі заманауи мәселелерге байланысты – экология бойынша көрсеткіш. «UI Green Metric Ranking of World Universities 2023» ең экологиялық университеттердің жаһандық рейтингінде ҚазҰУ 457-ші орынға ие болды және 2022 жылмен салыстырғанда қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар үштігіне кірді. Рейтингке мынадай көрсеткіштер кіреді: ЖОО-ның инфрақұрылымы мен  қоршаған ортасы, энергияны тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне әсер ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану, көлік саясаты, білім беру.

ҚазҰУ-нің 2-курс магистранты Нағимқызы Т, ғылыми жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Кошымова А. О.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар