Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамудыңнегізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылды. Атапайтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.
«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес. Бұл туралы Әділет министрлігі Персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы Айгерім Китебаева айтты, деп жазады Egemen.kz.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Түркістан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама іске асырылған сәттен бастап, 12 мың нормативтік-құқықтық акті жобасы қамтылғанын, онда сыбайлас жемқорлық қаупінің 32 мыңнан астам факторы анықталғанын атап өтті. Сондай-ақ ол өз сөзінде бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да сәтімен жалғасатынын тілге тиек етті.
KAZGUU университетінің басқарма төрағасы:
Талғат НӘРІКБАЕВ:
– Жалпы, жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бағытындағы жұмыстардың қалыпты ырғаққа түскені талас тудырмаса керек-ті. Оны күнделікті өмірде де көріп жүрміз. Бұл әлбетте, жылдар бойы атқарылып келе жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесі екені рас. Десе де бірінші кезекте барлық нормативтік-құқықтық акті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама арқылы өтуі тиіс екенін қаперден шығармаған абзал. Оларды құруға бастамашылық жасаған субъектілерге қарамастан, осы сараптамалық зерттеуден босатылған нормативтік-құқықтық актілер болмауы тиіс. Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болудан біртіндеп алшақтауы қажет. Ол үшін мемлекеттік органдар сарапшылардың ескерту-ұсыныстарын міндетті түрде қабылдауға көшуі қажет. Сонда ғана барлық жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылатыны ақиқат. Азаматтар осыны естен шығармаса дейміз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы:
Мұрат АХМЕТОВ:
– Сараптама қорытындысы бойынша шамамен 5, 2 мың нормативтік-құқықтық акті қабылданып, тиісті мерзім ішінде қолданысқа енгізілген болатын. Онда ескерілген ұсынымдардың үлесі 52, 7%-ды құрағаны баршаға мәлім. Осылайша, қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің жартысынан астамында әзірлеу кезеңінде сыбайлас жемқорлық қаупі алынып тасталған еді. Яғни мемлекет сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында тағы бір тосқауыл болатын жолды жаңылмай тапты деп айтуға толық негіз бар. Қуаныштысы да сол болып тұр. Қысқасы, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да лайықты түрде жалғасын табатын болады, -деді.
DAAD құқық саласындағы дәріс оқытушысы:
Майкл ВИЛДИНГ:
–“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру қай кезде де маңызды саналады. Қоғамдағы өзгерген нормалар мен құндылықтардың көрінісі де осыдан байқалса керек. Жалпы, алып қарағанда жегі құртқа айналған құбылыспен күрес адамдар үшін аса зор маңызға ие екенін ұмытпаған дұрыс. Егер олар өздерінің жүріс-тұрысының жемқорлық түрінде бұзылғанын байқамаса, онда алдымен оларға жемқорлыққа қарсы білімді түсіндіру керек болады. Бір нәрсені ешқашан ұмытпау керек – іс жүзінде қоғамдық және жеке мүдделер арасындағы айырмашылық көбіне сіз ойлағандай қарапайым емес. Бірақ бұл біздің қоғамға қажет. Ал қоғам қай кезде де жемқорлықтың тамырына балта шабуға ұмтылғаны жөн. Сонда ғана ел дамудың жаңа сатысына қадам басады”, -деді.
Агенттіктің сарапшысы, «Transparency Қазақстан» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Светлана АРЫСТАМБАЕВА:
–“Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың түпкі мақсаты – қолданыстағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларын барынша азайту деп білемін. Оған ешкімнің таласы да жоқ шығар. Дегенмен статистика жобалардағы байқаусызда жасалған сыбайлас жемқорлық болжамдарының көлемі азаймай отырғанын көрсеткенін де назардан тыс қалдырмаған абзал. Оның ішіне жергілікті атқарушы органдардың немқұрайлы дайындаған жобаларының саны да кіреді. Сондықтан да бұл мәселеге келгенде адамдар өте сауатты болғаны дұрыс”, -деді.
Семинар барысында сөз алған спикерлер атқарылып жатқан жұмыстардың оң ықпалы бар екенін айтты. Алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды жұмыстардың да нәтижесі болатындығына сендірді.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова атап өткендей, қазіргі уақытта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, атқарушы билік қызметінің шамадан тыс заңнамалық регламенттеуін болдырмауға бағытталған мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру бойынша маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын үйлестіруді жүзеге асыратын ұйымға жіберу және жобалар бойынша қорытындылар беру тетіктерін қайта қарау қажеттігі де әңгімеге арқау болды. Құқықтық сараптама бойынша пайдаланылатын тетікті енгізіп, осы жұмысты «Ашық НҚА» порталында жүзеге асыруға болатыны да басқосу барысында айтылды.
Іс-шара барысында сөз алған Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов бастаған өзге де азаматтардың пікірлері басқалардың ойымен бір арнада тоғысып жатты.
Форум барысында халықаралық (Германия, Грузия, Украина) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы тәжірибесі, оның ішінде құқықтық актілерді сараптауда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау әдіснамасын жетілдірудің негізгі және проблемалық мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаларын жетілдіру мәселелері таныстырылып, сол бағытта бірлесе жұмыс атқару қажеттігі сөз болды. Осының өзі-ақ салада қолға алынған жұмыстардың оң нәтиже бере бастағанын айғақтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ.
Әлемнің барлық мемлекеттері сыбайлас жемқорлыққа тап болады. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады. 2023 жылғы 01 қыркүйекте Президент өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық нигилизмнің өсуіне әкеледі.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі-моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, тәкаппар адам заңдарды бұзбайды. Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс.
Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің 2-курс студенті Нұрғалиқызы Жібек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі