Өлең, жыр, ақындар

Дамытушы кітап — лэпбук

Момыналы Аяулым Мейербекқызы
Жамбыл обл. , Тараз қаласы
Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 4-курс студенті

Аңдатпа: Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып, цифрлық тәуелділік болып табылады. Өкінішке орай бұл жағдайға аяулы аналарымыз сәби кезінен балалрға үйретіп қояды. Неліктен? Құлақ тыныштығы, жоқ баланы дәл осы әдіспен дамыту үшін ба? Креативті ойлау, даму, әрекеттену нәтижесінен бұл мәчеленің шешу жолы табылды. Инновациялық және табиғи дамытатын әрі қызғушылықты арттыратын “Лепбук” кітабі таптырмас идея.

Түйін сөздер: Лепбук, цифрлық тәуелділік, номофобия, инновация.

Кіріспе

Лэпбук (лэпбук, lap – тізе, book – кітап). Егер сөзбе-сөз аударсақ, онда лэпбук – бұл тізеге қоятын кітап. Басқа атауларын да жиі кездестіруге болады: тақырыптық папка, интерактивті папка, жобалар папкасы. Бірақ мұның мәні лэпбук – бұл бала қолына алып, жылжыта, қалауына қарай жинай алатын қалташалары, шағын кітапшалары, терезелері, жылжымалы бөлшектері, қондырғылары бар қолдан жасалған интерактивті папка дегенге келіп саяды. Мұнда қандай да бір тақырып бойынша материал жинақталады.

Лэпбук – тақырыптық немесе интерактивті папка. Лэпбук тек қана папка емес, балаларды оқытудың көрнекі-практикалық әдісі екенін атап өткен жөн. Лэпбукпен жұмыс істеу балалармен белгілі бір тақырыпты бекітудің тамаша тәсілі болып табылады. Кітаптың мазмұнын ұғынуға, сондай-ақ бала ақпаратты іздеуге, талдауға және сұрыптауға қатысатын зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы технологияның нәтижесінде балалардың дағдылары дамытылады, мысалы:

— алдағы қызметті жоспарлау мүмкіндігі;

— құрбыларымен келіссөздер жүргізу;

— жауапкершілікті бөлу;

— қажетті ақпаратты іздеу, оны қорыту, жүйелеу;

— туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелерге дербес жауап беруге;

— өздерінің біліміне және дағдысына сүйене отырып, өз шешімдерін қабылдау;

— ауызша сөйлеуді қолдану, өз ойларын және тілегін білдіру

Лепбуктің пайдаланудың артықшылықтары:

— бала қажетті ақпаратты дербес жинайды

— деректердің үлкен көлемін құрылымдау;

— танымдық дамудағы балалардың қызығушылығын ынталандырады;

— ересектермен сабақтастықты немесе бірлескен қызметті әртараптандыруға;

— шығармашылық және шығармашылық ойлауды дамытады;

— есте сақтаудың оңай жолы;

— адамдарды қызықтырып біріктіреді.

21 ғасыр инновациялық технологияларды қолдана отырып бала-бақшаларда, оқу іс-әрекеттерін жасайды, келтірілген инновациялық технологиялардың біріне Лепбук жатады. Лепбук арқылы баланың ұсақ қол моторикасы дамиды. Қол моторикасының дамуы тікелей мимен байланысты болып табылады. Лепбукпен жұмыс нәтижесі баланың цифрлық тәуелділігін артта қалдырады. Әрі баланы “Номофобия”-дан сақтайды.

Номофобия — ұялы телефонсыз қалудан қорқу, психологиялық аурудың түрі. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша адамдардың 66%-ы номофобия дертіне шалдыққан. Бұл ауру жас қыз-жігіттердің бойынан жиі байқалады. Нофобияның белгілері: шектен тыс қобалжу, уайым, бас айналу, оттегінің жетіспеуі, жүрек айну, тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, кеуденің ауруы.

Қорытындылай келе, балаларға балғын, қызықты балалық шақ сыйлау ол әрине ата-ана, тәрбиешінің қолында. Балалар-еліміздің ертеңі. Жарқын болашақ кепілі. Жастайынан балаларды дұрыс дамыту, болашақтіһың кілті болып есептеледі. Балаларды дұрыс дамытудың оң жолы болып, Лепбук дамыту рөлін атқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

https://bilimger. kz/wp-content/uploads/2022/06/22. png
https://kopilkaurokov. ru/
https://ustaz. kz/_nuxt/img/logo. 69ce6d3. svg
https://ru. wikipedia. org/wiki/


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер