"Ес біле бастаған шағымда әкемнің айтқан әңгімесінің шет жағасын естігеннің өзінде зәрем ұшатын. Ауыл айналасындағы төмпешіктерді басып өтпеуімді ескертіп қояды. Бұл аштықтан өлгендерді жинап алып, көмген жерлер екен. Әбден әлсіреген елдің ашаршылықтың құрбаны болған жандарды ауылдың сыртындағы зиратқа апарып көмуге де шамасы келмеген. Қолында аз ғана мүмкіншілігі бар адамгершілігі мол, иманды жандар өкіметтің шолақ белсенділерінен жасырып, ашығып жатқан жұртқа көмек беруге әрекет жасаған екен.
Мысалы, колхоздың бидай жинайтын қойма күзетшісі Секер деген кісі саптама етігінің қонышына бидайды сиғанынша тығып алып ауылдастарына таратып отырған. Егер мұны біліп қойса, сол кездегі қатал заң бойынша Секерді халыққа көмектескені үшін "халық жауы" деп, өлім жазасына кесер еді. Кеңестік жүйенің осындай сұрқия саясаты болған. Өміріне қауіп төнетінін білсе де, қарапайым адамның елге жаны ашып жасаған ерлігі емес пе? Секердің жанашырлығы болмағанда, бүкіл ауыл қырылып қалатындай жағдайда болыпты. Қандай зұлымдық болған десеңші, қоймада астық бола тұра аштықтан өлейін деп жатқан адамдарға бір түйір дән де берілмепті. Соның өзінде шолақ белсенділер қора-қораны тінтіп, елдің қолда ұстап отырған бір-екі ешкісін, тіпті тауықтарына дейін тартып алып отырған", — дейді Әбдібай ата.
Сондай ашаршылықты басынан өткерге ғалым, Мекемтас Мырзахмет былай дейді:
Ерте көктемнің кезі екен. Анам ажал тырнағынан қашып құтылмақ боп, екі жасар мені ертіп омыраудағы қарындасымды көтеріп көрші қыстауға жолға шығады. Аштан бұратылып әрең жүріп, ауылға жетер жетпес кешкі уақытта бізді аш қасқыр қаумалай бастайды. Анам айқайлап көмек шақырса да ешкім естімейді. Содан шешеміз өміріндегі ең қиын шешімді қабылайды, қолындағы қарындасымды қасқырларға қалдырып мені көтеріп алып, қашып құтылған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі