Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы қабілетіне байланысты қоғамда өз жолын таңдайды. Менің бала кезден арманым –журналист болу. Кішкентайымнан камера алдында еркін сөйлей білдім, айналамда орын алып жатқан түрлі жайттарды түсіріп, анаммен талқылаған ұнайтын. Оқушы атанған сәтте де бала күнгі арманымды ұмытпай, мақсатыма айналдырамын деп шештім.
Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, қоғаммен тығыз байланысты сала. Яғни, журналистердің қоғам алдында жауапкершілігі мол. Тек қоғаммен ғана емес, халықпен де тікелей байланыста болу қажет. Журналистің бойында шыншылдық, талапшыл және ең басты, кез-келген адаммен немесе ортамен тез тіл табысатын қасиет болу керек деп ойлаймын. Себебі, журналист қашан да жұрт алдында, қоғам ортасында. Қандай жағдай болмасын, халықтың алдына шындықты бірінші болып жеткізетін, еліміздегі мәселені барынша түсінікті етіп жариялайтын да журналистер. Журналист Болат Мүрсәлім «Журналистика – шындықты айтатын, оқиғаны бұрмаламайтын, бүгінгі күннің ең маңызды дүниесін айтатын институт. Ал оның қалай жұмыс істеуі – әр елдің, әр басылымның, қала берді әр журналистің моральдық ұстанымына байланысты. Адам газет оқиды, теледидар көреді, әлеуметтік желілер мен сайттарға шығып жатқан дүниелерді қарайды, автобуста кетіп бара жатып радио тыңдайды. Сол арқылы бүгінгі өмірде не болып жатқанынан хабардар болады. Телеарналардағы талқылауларға құлақ қояды. Әркім өзінше осыған қарап ақ пен қараны ажыратады» деген сауалнамадан-ақ бұл саланың жауапкершілігі мол екенін түсінуге болады. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін саланы таңдап, оны абыроймен және жауапкершілікпен соңына дейін жеткізу көп адамның қолынан келе бермейтін іс.
Менің журналистика саласына қызығушылығым мен махаббатымды толықтай ашқан – анам. Ол кісі де журналист болды. Кішкентайымнан мені жанына ертіп жүретін. Түрлі түсірілім алаңдарға апарып таныстыратын. Тіпті, небәрі үш жасымда фотограф жалдап, арнайы жеке фотосессия ұйымдастырып, газетке жариялады. Осы жайттарды бақылап, жыл сайын менің де журналистикаға қызығушылығым арта түсті. Мінекей, нәтижесінде мен журналистикаға нақты тоқталып, қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында білім алып жатырмын. Таңдаған мамандығымның түрлі қыр-сырын меңгерудемін. Білімімді кеңейті,тәжірибе жүзінде білікті мамандардан кеңес алып, болашақта өзімді нағыз журналист ретінде қалыптастыра аламын деп сенемін.
Қорытындылай келе, журналист болу шыншылдық пен шынайылықты ұран етіп, қоғамдағы тың жаңалықтармен және жаңадан түскен ақапараттардың рас екенін анықтай отырып, қоғам мен халық арасындағы сыйластықты сақтау жолында саналы түрде қызмет атқара білу. Бойымдағы мықты төзімділік пен сенімімді жоғалтпай, өзім таңдаған ерекше сала жолында аянбай еңбек етемін. Себебі менің мақсатым журналистикада өз дара жолымды салу.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униветситетінің 1 курс студенті Шамшатова Ақерк
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі