Өлең, жыр, ақындар

Кітап оқуға деген қызығушылық

Кітап оқуға деген қызығушылық пен ықылас көбімізде бар. Бірақ әртүрлі мүмкінсіздіктер және немқұрайлылықтың арқасында бұл қалауымызды орындай алмаймыз. Негізінде кітап оқу дағдыға айналатын қасиет. Бұл да жас кезден, мектеп қабырғаларынан бастау алса үйреншікті халге енеді. Оқу дағдысына әдеттенбеген болсақ, қолдағы бар мүмкіншілікті пайдаланып бұл жақсы әдетке қазірден де бастауға болады.

Адам оқыған сайын білімге ие болады. Ал білімі артқан сайын білімінің аз екенін сезіне бастайды. Бұл сезім адамды көбірек оқуға итермелеп оқу дағдысын қалыптастырады. Бірақ қолға түскен әр кітапты емес, пайдалы, құнды кітаптарды таңдап оқу керек. Маңызды болғаны көп оқу емес, жақсылап оқу. Ал жақсылап оқу, оқығанын түсініп, сол жайлы ойлану және ғибрат алумен болады.

Кітаптар бір жағынан жейтін азықтарға ұқсайды. Өйткені жейтін азықтарымыз денемізді, ал кітаптар рухымызды қоректендіреді. Жақсы түрде жеу үшін аузымызға салған тамақтарды асықпай жақсылап шайнап, оңай қорытылатын халге келтіруіміз керек. Дені сау адамдар тамақты көп жеген адамдар емес, жақсылап қорытып жеген адамдар. Кітап оқығанда да жақсы пікірлерді ойымызда сақтап қалуымыз керек. Есте қалуы үшін қойын дәптерге де түртіп қоюға болады. Мына сөздер кітап және оқу дағдысын қалыптастырады:

Кітап жақсыны, жаманды, өмірді үйретеді. Ең пайдалы дос кітап. Ілім, оқу арқылы көбейеді. Оқу ләззаты, ләззаттардың ең үстемі. Мәдениетті адамның ең үлкен қажеттілігі кітап. Оқыған адам жамандық жасауға уақыт таба алмайды.

Кітап ең жақсы дос. Бірақ кез келген кітап жақсы дос бола бермейді. Достың жақсысы, жаманы болатынындай кітаптың да, журнал-газеттің де жақсысы жаманы, пайдалысы, зияндысы бар. Мысалы, діни және ұлттық құндылықтарға құрметсіздік еткен, тарихты қате жазып жорамалдаған, адамды жамандыққа ынталандыратын және руханиятты улайтын баспаларды оқымау керек. Демек екі қағида бар: «Жақсы кітап — жақсы дос», «Жаман кітап — жаман дос».

Оқуға кеңес береміз:

Ескі кітаптардан тамаша туындылар

Өзін-өзі дамытуға арналған ТОП-5 кітап

Кітап көп оқығанның өмірі ұзақ болады


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер