Өлең, жыр, ақындар

Магистратураға түсушілер көбінде қай мамандықтарды таңдайды

Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды.

Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.

Ең көп таңдалған білім салалары:

— Педагогикалық ғылымдар;
— Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
— Бизнес, басқару және құқық.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар