Кардиомиопатия — бұл миокардтың немесе жүрек бұлшықетінің прогрессивті ауруы. Көп жағдайда жүрек бұлшық еті әлсірейді және қанды ағзаға тиісінше жеткізе алмайды. Аталған ару қаншалықты қауіпті?
Кез келген кардиомиопатияның басты қаупі — мүгедектікке не өлімге әкелуі мүмкін үдемелі жүрек жеткіліксіздігі.
Кардиомиопатия — бір ауру емес, миокард ауруларының бүкіл тобы. Олардың барлығы жүректің механикалық не электрлік жұмысының бұзылуымен байланысты. Бүгінге дейін кардиомиопатияның нақты себебі белгісіз. Бастапқыда аурудың белгілері жүрек бұлшықетіне микроб, бактерия немесе вирустар енген кезде пайда бола бастайды деп есептелді. Алайда мұндай науқастарға жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы терапия нәтижие бермеді. Сондықтан бүгінде кардиомиопатияның дамуы генетикалық бейімділікке жатады.
Аталған ауруға шалдыққан науқас узақ уақыт бойы білмеуі мүмкін, ауру асқынған кезде жүректің ишемиялық ауруының немесе жүрек ақауына тән белгілер пайда бола бастайды.
Көбіне ауру ЭКГ жүргізу кезінде профилактикалық тексеруде немесе жалпы тәжірибе дәрігерінің не кардиологтың жолдамасымен анықталады. Бұл жағдайда пациенттің өзінде ешқандай шағым болмайды. Ал, балаларда кардиомиопатия бастапқы кезіңде анықталады. Балалық шақта гипертрофиялық және аритмогендік түрі диагноз ретінде қойылады, олар генетикалық факторларға байланысты және ата-анасынан берілуі мүмкін.
Кардиомиопатияның бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысының өзіндік себебі мен асқынуы болады.
Ересектерде кардиомиопатия ерте жаста анықталмаса және генетикалық сипатта болмаса, қашанда қайталама болады. Екінші типтің ішінде ең көп таралған түрі — алкогольдік, тиреотоксикалық, диабеттік, аутоиммундық.
Кардиомиопатияны емдеу және диагностикалауды кардиолог жүзеге асырады. Кейбір жағдайда пациент аурудың белгілері қай аурудың фонында пайда бола бастағанына байланысты басқа маманның кеңесін қажет етеді.
Емдеу жолдары аурудың түріне байланысты болады. Алдымен науқасты динамикалық бақылау міндетті. Пациенттің жағдайын жақсартуға не оның нашарлауын түсінуге көмектесетін стандартты сынақтар үнемі жасалады. Емдеу тактикасын дәрігер қатаң түрде жеке таңдайды.
Аурудың кейбір түрлері тек хирургиялық жолмен емделеді. Жүрек бұлшықетінің бір бөлігін кесу аурудың гипертрофиялық нұсқасында көрсетілген, содан кейін жүректің барлық бөлігінің жұмысын қалыпқа келтіру және синхрондау үшін кардиостимулятор орнатылады. Бірақ бұл процедура тек мамандандырылған кардиохирургиялық орталықтарда жүзеге асырылады. Ең ауыр жағдайда, консервативті терапия не кез келген басқа емдеу көмектеспесе, науқасқа жүрек трансплантациясы ұсынылады.
Кардиомиопатияның қашанда болжамы нашар. Адамның өмір сүру ұзақтығы аурудың түріне байланысты: миокардтың бұзылуы бастапқы немесе қайталама, сондай-ақ асқынулардың болуына байланысты. Барлық жағдайдың жартысында тромбоз немесе эмболия салдарынан кенеттен жүрек өлімі болуы мүмкін. Алайда егер аурудың белгілері байқалмаса және ол өзін көрсетпесе, пациент өзін сау деп санап, ұзақ және сапалы өмір сүре алады.
Оқуға кеңес береміз:
Жүрек тамырларының атеросклерозы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі