Ертеректе жасы тоқсанға келген бір хан елінің аса көрікті жас қызына көңілі ауып, сол қызды жар етпек оймен құда түсуге адамын жіберіпті. Қыздың әке-шешесі жаушыдан хабарды естіп, не деп жауап беруге сөз таба алмапты. Сонда қыз хан жаушыларына жұмбақтап былай деген екен:
— Менің құным — он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, тоқсан дорба.
Қыздың бұл жұмбағын құда түсуге барғандар ханға айтып келеді. Бұны хан да, нөкерлері де шеше алмапты. Кейін сол елдің бір ділмар шешені былайша шешкен екен:
— Он қозы дегені — адам он жасында секірген қозыдай болады. Жиырма жасында қайтпас қасқырдай, отызда толысып, нардай болады дегені, ал қырықта елге қадірі артады, елуде елде арқыраған айғырдай боласың, алпыс жаста ат тайса, жетпісте ноқталы малдай, сексенде шідерлі аттай тұсаласың. Тоқсан дорба дегені тоқсанға келгенде ілініп қалған қу сүйекке теңелесің дегендерді меңзеген.
Бұл шешуді естіген хан өз уақытының өткенін, кәріліктің жеңгенін мойындағандай аһ ұрып төсегіне құлаған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі