Тағы Қобылан ақын жатақта жатып, тауын көріп қайтамын деп келсе, күндіз ыстық, сары маса жүргізбей, кешірек жетіп, іңірде шаттың ішінен, ағаштың арасынан баспа қып, екі ұры алдынан дүрсе қоя береді.
— Жұм көзіңді, кімсің? — деп. Сонда тұра қалып, қорықпастан, саспастан мынау өлеңді айтыпты:
Кім екенін білмеймісің келбетімнен,
Құдай, Құран, Мұхаммед үмбетімін.
Кісі өлтіріп, жазықсыз ерді тонап,
Тəңірі алдына барасың, антұрған, не бетіңмен? —
деп айтқан соң, ұрылар атының басын тартып тұра қалып, — қой, мынау, Қобылекең екен, осыдан аулақ-ақ тұрайық, — деп жүріп кетіпті.
* * *
Қобылан ақын — өте кедей болған адам. Жайлауға елмен бірге көше алмайды. Жатақта қалады. Əкесі ақын Бөрібай өліп қалған кезі. Қобылан далаға шықса, тау жағында өрт көрінеді. Қобылан шешесіне келіп: — Өрт келе жатыр, нəрсемізді өзенге қарай сүйреп апарайық, — депті. Шешесі жас баланың сөзін бір жағынан елемейді, өртке қарайды да: — Келе қоймас, жата тұрайық, — депті. Сөйткенше өрт келіп қалыпты. Нəрселері күйіп кетіпті. Сонда Қобылан ақынның айтқаны:
Кебежем күйіп кетті сөресімен,
Ішінде құрт-май деген бір асымен.
«Келмейді», — деп бұл өртті əжем айтты,
Өзектің келіп қалды жырасымен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі