Өлең, жыр, ақындар

Тұғыры биік туған тіл

Егер мәңгілік ел боламыз десек, өз ана тілімізді бірінші орынға қойып, ал қалған тілдерді елімізді дамыту жолында, өзге де алпауытты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мақсатында үйреніп, өз елімізде осығын алып, пайдамызға жаратуға тиіспіз. Баршаға мәлім қай тілде сөйлесек, сол тілде ойлаймыз. Сол тілде ойлаған соң, жан дүниеміз сол тілге бейімделіп, сол тілдің жанашырына айналамыз. Жоғарыда тілге тиек еткендей, халқымыз тәуелсіздігін алғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, кейбір азаматтарымыздың тілді мойындаса да игеруге асықпайтындығы, сол ежелгі таптауырын болған қағидаттардан арыла алмай жүрген жайы да жоқ емес. Ал болашығымыздың қазақ тілінде екендігін ескерсек, тіл төңірегіндегі кемшіліктерті түзеу, әрбір елім дейтін азамат үшін, ат үсті қарап, айналып өтуға келмейтін мәселе екендігі даусыз.

Әр адамның азаматтық қасиетті- салт-дәстүрін сақтаумен, өзінің туған жерін, атамекенін сүюмен, өзінің ана тілін білумен өлшенбек. Біліп қана қоймай, күнделікті тұрмыста қолдану аясын кеңейтіп, тілге деген жанашырлық сезімінің болуынан көрініс табады. Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз туғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінінің жоғарылуы үшін әрекет ету қажеттілігі туындап отыр. Туған тіл тіліміздің мерейі үстем болсын! Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни,  қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.

«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», - деп Елбасымыз айтып өткендей әлемдік ғылым тілін меңгеру басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны  Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыздың осы идеясы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Шетелде шығып жатқан өнімдерді, техникаларды өз елімізде шығару үшін «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдауымыз қажет. Сонда ғана еліміздің экономикасы, ғылымы, әлеуметтік жағдайы дами түседі.Көп тілді білу – заман талабы.

Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», - деп А.П. Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды.  Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы  – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Сөз соңында айтарымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз, жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығаруымыз керек.

Талбитдинова Улмекен Шынгысхон кизи


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз