Өлең, жыр, ақындар

Жақсылық ағаның жақсылығы

Жақсылық Түменбаев Қызылорда облысындағы 1929 жылы құрылған Арал ауданының тумасы.

Журналист болуға әкелген асқақ арманы оның Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіруіне себепші болды. Сол асқақ арманды қуалап 1968-1975 жылдары ол еңбек жолын Қызылорда облыстық «Ленин жолы», қазіргі «Сыр бойы» газетінен бастайды.

Оның алғашқы шығармалары «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында, республикалық, облыстық баспасөзде 1968 жылдан бастап жариялана бастады: 1977 ж. «Қардағы іздер», 1979 ж. «Қимас қазына», 1981 ж. «Мен сүйген қыз», 1984 ж. «Тас бөгет», 1990ж. «Махаббат қорығы», 1993 ж. «Ақырғы демім біткенше», орыс тілінен А.Лихановтың «Шырғалаң» романын, басқа да орыс классиктердің повесть, әңгімелерін аударды.  

Тапжылмас еңбектің арқасында Жақсылық аға 1975 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінің бас редактор орынбасары, республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы сияқты басшылық қызметтерді абыроймен атқарған.

Сол жылт еткен қысқа ғұмырда Жақсылық Түменбаевтың бет-бейнесі, болмысы, тұлғалығы қалыптасты. 

Бұл туралы оның журналистика ортасындағы ыстық-суығын бірге көрген жақын әріптес, достарының естелігімен бөліссек, Тынымбай Нұрмағанбетов: «Жақсылық Түменбаевпен 1968 жылдың жазында кездескен екенбіз. Ол ҚазМУ-ды бітіріп, Қызылорданың облыстық газетіне орналасты. Мен Қызылорда педогогикалық институтын бітіріп, облыстық радиоға орналастым. Таныстық, шүйіркелестік, қол босаған сәттерде кездесіп, сырласып жүрдік. Сырласуымыз, әрине, көбіне әдебиет жайлы болатын. Кейінірек, Алматыға алдымен мен көштім. Араға екі-үш жыл салып ол да жетті. Тағы да қайта шүйіркелесу, сырласу, араласу. Сол кездері шеберлікке ұмтылу, іздену Жақсылық үшін басты мақсат екенін байқап жүрдім. Істеп жүрген жұмысының ауырлығына, мазасыздығына қарамастан ол үзбей жазып та, оқып та жүрді. 

«Жалын» баспасы, Баспа және кітап істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Жастар одағы бірігіп жариялаған жыл сайын өтетін бәйгесін ол екі рет алды. Әңгіме, хикаяттары республикалық газет- журналдарда жиі көріне бастады. Дегенмен, жазушының өзін жұртқа айырықша мойындатар туындысы болады емес пе ?! Ақыры ол сондай бір туындыны оқырмандарға тарту етті. Жақсылықтың ол туындысы «Ауыл шетіндегі үй хикаяты еді» 

Шығарма баспасөзде жарық көрген бойда әдебиеттегі үлкен қаламгерлердің бірі Сафуан Шәймерденовтың пікір білдіруі үлкен резонанс тудырды. Сонда «Ауыл шетіндегі үй» оқырманды несімен елең еткізді, талдай түсейік...

Батпақты ауылы дүниеге келгелі үш жұрт жаңғыртты деп басталады шығарманың алғашқы сөйлемі. 

Алғашқысы колхоз құрылған, ал екіншісі соғыс алдындағы жылдар екен. Батпақты қазір жаңа үшінші жұртта. Үйлерін ұзыннан-ұзақ тіркестіріп салатын дәстүрі де жайына қалған, шалғайын кеңге салған ақ шаңқан совхоз үйлері алыстан атойлап көз тартады. Тек соңғы жұртпен екі ортада екі-үш тоқал там, қоражай қалған. Осы қалғандардың ең шеткісі Омарғалидікі...» 

Азамат Есенжол «Ауыл сыртындағы үйді» бұрын оқып, повестің ұнағаны соншалық газет, журнал беттерінен Жақсылық Түменбаевты іздеп жүретінді шығарғанмын. 

«Ауыл сыртындағы үй» повесі ауыл шетінде орналасқан Омарғалидің үйін, оның отбасы мүшелерін, Омарғалидың болмысын, тұлға ретіндегі жан дүниесін, ауыл адамдарының менталитетін, ой-санасы туралы баяндалады. 

Повеске талдау жасайтын болсақ, Омарғали бала кезінен жетім, Батпақты ауылында оның ағайын-туыс, жақыны жоқ еді. Басқарма кеңсесінде істейтін Жанділдә есімді мырза Омарғалиді оқу біте салысымен Батпақты ауылына шақырып алып, бригадир етеді.

Ол осы ауылда қалсаң, жұмыс та, үй де, әйелде алып береміз деп уәде береді. Омарғали өзінің жары Қымбатпен колхозда танысады, оған біркөргеннен ғашық болады, көп созбай айыттыруға барады.

Омарғалиға мінездеме берсек ол - өте еңбекқор, мейірімді, жайсаң жан. 

Ол өміріне келіп жатқан Жаратқанның кез-келген мүмкіндігін ұстап қалуға талпынады, өз әйелің құрмет тұтады, бұған дәлел: Омарғали шаңырақ көтерген соң, олардың тұратын үйі болмады, ол үйдің отағасы ретінде Қымбаттың алдында ұялды, ауылдың ішінен үш жігітті жинап үй салуға кірісті.

Омарғали ауыл арасында көмбезді, төрт құбыласы тең, сыртын саз балшықпен қаптаған, әдемі, әппақ үй тұрғызды.  

Ауыл тұрғындары Омарғалиді шақырып алып: «балам-ау сен бұл үйге керек құрылыс заттарын қайдан алдың?» - , дейді.

Сонда Омарғали: «Ол бір қызық болды,әнеугүні қой ауылдан қайтып келе жатыр ем, қара жаңбыр құйды да кетті, сұмдық нөсер. Сол кезде «Сарыбастың» етегіне түсіп беріп ем, жағада тұрған үлкен талдың астына паналадым.Жаңбырдан бой таласып тұрып, жан-жағыма қарасам, әр жерде ойдым-ойдым ақ балшық иленіп жатыр, сосын керегіме жараттым».

Бұл қуанышпен бөлісу үшін ол ауыл адамдарын шақырып, қоныстой жасайды. 

Олар Омарғалидың салған үйіне, қызыға да, қызғана да қарайды. 

Сол жылы Омарғалиға ұқсап ешкім үй салаалған жоқ, бұрынғы жертөлелерінде қыстап қалды. 

Ауыл шетінде оқшау қақырайып тұрған Омарғали мен Қымбаттың үйі сол ауыл әйелдерінің көзіне сүйел болып шықты.

Әйелдер теңдікке қолы енді жетіп,күйеулеріне тұп-тура жағаға жармаспағанымен, шалғайдан үй алып бер деп оларға тыныш таң атырып, күн батыруды қойды.

Омарғалидың үйінен кейін оның көршілері үйлерінің сыртын тура сондай саз балшықпен қаптайтын болды, бірақ ешқайсысы Омарғалидың үйіне жетпеді.

Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов былай деп еске алады: « Мен білетін Жақсылық еңбекқор еді, күнделікті жұмысын атқара жүріп «Қардағы іздерден» кейін, «Қимас қазына», «Махаббат қорығы» кітаптарымен бірге «Ақтық демім біткенше» атты романын қалдырды, 1986 жылы өткен Желтоқсан оқиғасына байланысты пьеса да жазды. Тағдыр оны соңғы романын тағы бір қайталап қарап, қайсыбір тұстарының ұрты мен мұртын басуға да үлгертпегендей»

Бұл шығармаларды оқи отырып мен бір шешім шығардым: әдебиетте үлкен ой, кішкентай ой деген әсте жоқ. Романға жетер-жетегіне айырбастамайтын әңгімелер де болады. Сондықтан, «Ауыл шетіндегі үй» болашақта да оқырманның ықылас-сезіміне бөленіп жатса, ол көркемдіктің жемісі, қаламгер шеберлігі деп ұққанымыз абзал. Болашақ демекші, мүмкін ол кездегі оқырман талабы да басқа болар, бірақ өз қара шаңырағына, туған жеріне деген махаббат, сағыныш ешқандай дәуір санасын өзгерте алмайтынына сенімдімін. 

Жазушының соңғы шығармасы «Ақтық демім біткенше» романына тоқталайық...  

Тағы да ұқсас сюжет: құм төбелердің арасындағы ауыл. 

Сол ауылдың соғыстан кейінгі тыныс-тіршілігі. Адамдардың арасында болатын қарым-қатынастағы мейірім, тартыс. Әр түрлі мінездер. Жазушының міндеті сол адам тағдырына байланысты көп жұмбақтардың шешімін табу. Жазушының тағдыр шиеленістерін шешуде қолданатын көркем бейне, көркем сөз маржанынан тұратын сөйлем саптауларын оқиотырып, оқушы да өз өміріне қатысты қайсыбір түйіткілдерді шешкендей болады, өз пайдасына жаратады. Яғни оқырманға бұл керек, бұрын адамдар ешқандай көріпкел, психологтарға бармай-ақ, осындай шығармаларға қарап, бой түзеген, ой түзеген, өзінің өмірін өзгерткен, өйткені шығарманың өзі өмірлік драма, шынайылықтан тұрады.

Нақты осы шығарманың оқушысына сыйлар қасиеті, күш-қуаты, алға өмір сүруге ұмтылдырар үміті, бәрі жақсы болады деген сенімі, бүгінгі сөзбен айтқандай: ешқандай мотиватор, коуч керек емес. Әркім өзіне керек дүниені осы шығармадан ала алады, тереңірек үңілсе. 

Дүниеде адам жаратылысынан жұмбақ, күрделі құбылыс жоқ шығар...  Романдағы басты кейіпкерлердің бірі Ысман Ұлы Отан соғысынан мүгедек болып, бір аяқ, бір қол, бір көзінен айырылып келген жан.

Кейіпкер Шырайлының шешесінің тілімен айтқанда «он екі мүшесінің жартысын соғысқа беріп қайтқан». Сол Ысман ауылға келген бойда есепші болып еңбекке араласады. Есепшілік кәсібін дөңгелетіп, өзін ел-жұртқа мойындатқан соң, жартылай хат танымды да, ісі де орашалақ басқарманы да сан соқтырады. 

Басқармаға өз пікіріңді дәлелдеп, қарсы сөйлеуді де жұрт осы Ысманнан үйренеді

Шығарманың желісімен Ысман басқарманың орнын алып, ауылдың тұрмыстық жағдайын көтереді. 

Сонысымен аудан басшыларына да ұнап, кейінірек шағын шаруашылықтарды бір орталыққа біріктіріп колхоз деп аталатын басқармаға бастық болады және  мүгедектікті кедергі көрмей, халықты жұмылдырып, айрандай ұйыған - тату-тәтті өмір кешуіне жағдай жасайды.

Оның бүкіл колхозға танымал Жанарыстың өзіне айтқан ащы-кекесін тіліне қарамастан, оны да тәртіпке бағындыруына амалсыз таңданасыз!​ Сонда Жанарыс не айтты, Ысман шүйлігетіндей? «Аман жүргеніңе шүкіршілік ететіндей» халде жүріп, біреуге қысастық қылғаны қалай демеске амалыңыз жоқ! Осы Ысманды алғаш көргенде-ақ Жанарыстың «Өзінде құдай аямаған екен» деуі де, еріксіз есіңізге түседі. Не керек, осы екі кейіпкердің арасындағы іштей егесуді автор романның өң бойына арқау етіп алған.

Бақсаң мұның да бір сыры бар екен. Колхаздастыру басталған шақта ел ішінде колхозды жақтағандар да, жақтамағандар да болды. Сол көнбегегдердің бірі Ысманның әкесі Жабас еді. Малын айдап, Қарақалпақ асып бара жатқанда ішінде Жанарыстың әкесі Дәулетияр да бар еді, аудан өкілдері Жабасты қайтарып әкелмек болғанда, Жабас жүзін жылытпай қойған. Жүзін жылытпау бергі жағы, жолын кес-кестеген Дәулетиярды өлтіріп, «елден ауып кетеміз бе»деген әйелі мен баласына да қарамай аз топпен малын қуып кеткен. Аңырап қалған әйелі Қоңыр Деулетиярдың денесін алып аудан өкілдерімен кейін қайтқан. Жесір әйел «жетім бала ана ауылды, мына ауылды паналап күн кешіп жүрмеді ме» деген сары уайымда болды. Сол арада дүркіреп соғыс өтті. Кім-кімнің әйелі, кім-кімнің баласы еді дегенді ешкім есіне сақтап жүрген жоқ еді. 

Кімнің кегін кім жоқтағандай деп жүргенде, бұл шығармада кегін алушы да, жоқтаушы да Жабастың өз ұлы Ысман болып отыр. Әкесі Дәулетиярға қиянат жасаса да, өзі оның баласы Жанарысқа өктемдік жасағысы келді. Ақыры жүрек ауруынан құлап, тілсіз жатып, ес жиған сәтінде Ысманның аузына алғаш түскен сөз «Жанарысты шақырыңдар» болды. 

Сонда адам ажал алдында ғана тәубесіне келер болғаны ма? Біздің адам жаратылысының жұмбағы, құпиясы деп отырғанымыз да осы ғой. Роман қозғаған келесі мәселе - мал шаруашлығы болды. 

Кеше де, бүгін де, атасы да, ұрпағы да құм төбелердің қойнауын паналап тіршілік етіп келе жатқан бұл ауылдардың тіршілік көзі де, ертеңге талғау етері де – мал болып отыр. Уайымы да соның өсімі, соның жайы. Азамат атанып елге танылып жүргендері де малдың арқасы. Бұл тіршілікті ауылда тұратын исі қазақ біледі.Білмесе қазақ мал бағар ма еді? Ал, малмен бірге мал болып кетер осы бір сәттерге төзбесе қазақ қазақ болар ма еді? Бұл жайларды мектеп табалдырығынан соң екі жыл малдың қамымен жүрген авторымыз - Жақсылық Түменбаев жақсырақ біледі. Сондықтан бұл жағдай оның басынан өткендіктен, оны суреттеу оған қиыншылық тудырмады.

Романдағы әрқилы мінездерімен оқырман есінде қалар бейнелер: Ізбан, Қыдыр, Шырайлы, Ақниеттердің тағдырлары да тарихта өз орнын алар. Шығарманың басты жетістігі- автор тілінің шұрайлылығы десек, қателеспейміз.

Тапқыр ой, өрнекті суреттер оқушы назарын өзіне аудартып отырады, еліктіреді. Жақсылық Түменбаев өз шығармаларында ауылды ғана жырлаған қаламгер емес. Оның қаламынан сүрлеу салған сәтті тақырыптар - адам психологиясын жақсы түсіну, кітаптарын оқи отырып, ия мұндай да адамдар болады екен-ау деп бір таңғаласың! 

Ақын, жазушы Әскербек Рахымбекұлы Жақсылық Түменбаев туралы естелігінде: «Жақсылық мінезге де дархан еді. Әсіресе, қабілетті, қасиетті жігіттерге жанын беретін. Қашан көрсең де көзі күлімдеп, күрек тістері анадайдан жарқырып, баурай түсетін, бірақ ол үнемі жалпақ шешей де болған емес. Редакцияның ілездеме жиналыстарында ойын тікелей, батыл айтатын, сонысымен болар басшылардың өзі одан ойлы пікір күтетін және ретті жерінде ығысатын да. Сол Жақсылықпен төрт-бес жылдай қызметтес болдым. Менің «Тұлпар туралы дастаным», «Жалынның жабық бәйгесінде жүлде алғанда қуанғанын көрсең. Шіркін-ай, әріптесіңнің сенің шығармаларың үшін шаттанғанын көру қандай ләзім. Кейін оның « Мен сүйген қыз» атты повесі жоғарыдағы жабық бәйгенің жүлдегері болды. Мен өз басым жастар туралы тап сондай жылы шығарманы сирек оқығанымды мойындаймын. Айтайын дегенім, Жақсылық аса талантты жазушы еді. Оның романы мен повестері, әңгімелері терең зерттеуді қажет етеді. Маған ол әлі де өз ойындағыдай туындыны оқырманына бере алмай кеткендей көрінеді де тұрады. Ажал арамыздан оны ең қуатты шағында, ең жұмыс істейтін шағында алып кеткеніне қатты өкінеміз, Жақсылық десе Жақсылық еді ғой сол кісі»

Жақсылық пен Әскербек мырзалар Қызылорда тумасынан, бір жерден, екеуі балакезден жақсы сырлас, екеуі де облыстық «Ленин жолы» газеті мен облыстық радиода бір топ жас ақындар мен жазушыларды өздеріне баулып, сол жерде қатар қызмет атқарған. 

«Ленин жолы» газетңнде Базарбай Исаев, Ибрагим Исаев, Тынымбай Нұрмағамбетов, Айжарық Сәдібеков, Шәйзада Рахметбеков, Махмұтбай Әміреев, Әділхан Байменов, Есенгелді Шілдебаев сияқты тәжірибелі журналистермен қызмет атқарған.

Жазушы, драматург Серік Асылбекұлының Жақсылық аға туралы естелігі: «1993 жылдың ұмытпасам, тамыз айының соңғы күндерінің бірі болатын, жұмыста отырғанмын, Маған Жақаң телефон шалып, Серік қолың бос болса, алғашқы амандық-саулықтан кейін, ресторанға барып, әңгімелесіп қайтайық деді. Ол кезде ол халқымызға кеңінен мәлім бола бастаған « Денсаулық» журналының бас редакторы болып істейтін. Мен қалтаңыз қалың ба еді, қазіргі заманда ресторанға бір отырып шығуға сіздің айлық жалақыңыз жетпей қалуы мүмкін деп едім,ештеңе етпейді деп дес бере қоймады. Сөйтіп он-он бес минут өткен соң, біз 28 Панфиловшылар паркінің ішіндегі « Жұлдыз» кафесіне келдік. Кафеде отырғанда ол алдағы күзде өзінің елуге толатынын, бірақ елдің экономикасы күйзеліңкіреп тұрған осы бір кезеңде дүрілдетіп той өткізіп жатудың өзін ыңғайсыз көретінін, алайда туған ауылына барып, ондағы ағайын-тумаға, үлкендерге сәлем беріп шығуды парыз санайтынын, соған ең жақын жолдас-жораларымен бірге менің де барып қайтуымның дұрыс болатынын өзіне тән, қазақы қарапайым мінезіне тән мәнермен аңғартып өтті. Мен ойыңыз дұрыс екен деп қоштадым, бірақ арада бір-екі ай өтпей-ақ қазақ елінің оқырман қауымы, өзінің тағы бір аяулы перзенті - жазушы Жақсылық Түменбаевтан айырылып қалды»

Қаламгер Молдахмет Қаназ Жақсылық аға туралы естелігінде: «Бізге келіп журіп, сол тегін «концертке» Жақсылық та куә болган екен. Қырық шакты жылдан кейін сол балалық сәтті еске алып күліп отыратынбыз. Аудандык газеттен «Ленин жолына» ауыскан Жақсылық Қызылордада пәтерде тұрды. Онда тұңғышы Мұхит қана бар. Облыс орталығындағы жазарман жастардың бәрі Зейнолланың айналасында. Тынымбай радиода, езі петерде жүр. Екеуінің араларынан қыл  етпейді. Қазалыдан келген соң, қонақпын. Кезек шақырылып, әңгіме-дүкен құрылып, мәз етіп қалатынбыз. Біздін балалыктан алыстал, емірге араласып, ересектеу болып табыскан тұсымыз осы. Жақсылықтың зайыбы - Несібелі маған қарындас болып шықты. Жақсылық облыста  жүргенде қаламы жүйрік  танымал журналист, ол кезде көркем шығарма жазыпты деген есімде қалған емес. Қазақша машинка деген қаскалдақтың қанындай кез. Алғашқы жинағымның қол жазбасын «Ленин жолындағы» тәжірибиелі машинашыға бастырып берген Жақсылық. 

Күндердін күні, 1977 жылы - жаңа ұйымдастырылып, іске кірісе бастаған «Жалын» баспасынысының директоры Кабды-кәрім Ыдырысовтың шақыруымен баспаның проза бөліміне келдім. Ол кездегі «Жалынның» жұмысы өте қарқынды және жан-жақты. 

Бейтаныс орта, жаңа жағдай. Бұнда менен бұрын келіп, жұмысқа орналасып алған Тынымбай мен Жақсылық орталарына алды. Жақсылық мені қазақы жолымен қайнаға ретінде сыйласа, оның артында достық жатыр. 

... Басты творчествоға босатайыншы деп онтайланған тұста тоқсаныншы  жылдардың аласапыраны басталсын. «Байтал түгіл бас кайтты» - жас ұлғайып келгенде баяғыдан аулак жүруге тырысатын КазТАГ- та саяси қасаң аудармамен арпалысып, «ит мініп, ирек қамшылап» отырғам.

«Бізге ауыс» деп, Жақсылық екі рет келді. «Саяси тілді бітіріп, өмірі маңына жуып көрмеген медицинаға барып, ата сақал ауызға түскенде абырой төгер жай жоқ» деймін. 

Акыры Жақсылықтың дегені болып, үшінші  рет қолқалағанда барып көндік, журналда бірге қызмет атқаруға  тура келді. Әкімсіп көрген емес, жұмысқа байланысты шаруалардың қай-қайсысы болмасын үнемі ойласып отыратын. Кенжесі Гулсаяны ерекше жақсы көрді. Әкесінің аузынан түсіп қалғандай Гулсая көз алдымызда қуыршақтай нәзік, сүйкімді де тербиелі болып өсті. Бұны да ер балаға балайтын. «Ұлым» деп еркелететін. Бірде Гулсая әкесінің туған күніне шағын дастархан жайды. Сез сейлегенде: «Мен өскен соң папама бір киімді қайта-қайта кигізбеймін» -, деді


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер