Өлең, жыр, ақындар

Диуани лұғат ит-түрік – түркілердің асыл мұрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Мәдениеттану мамандығы 2 курс
Студент: Нұрмұхамбетова Қымбат
Жетекші: Кудерина Айжан Нурхамитовна

Қазақ халқының тарихы түркі әлемімен тығыз байланысты және оның тамыры орта ғасырлардағы түркі авторларының зерттеулерінде көрініс тапқан. Бұл кезеңде түркі ғұламалары, ақындары мен шежірешілері құнды еңбектер жазып, олар қазіргі уақытта көшпелі халықтардың, оның ішінде қазақтардың тарихын зерттеу үшін маңызды дереккөздер болып саналады.

Орта ғасыр – түркі мәдениетінің гүлдену кезеңі. Бұл уақытта Евразияның кең даласында қуатты мемлекеттер құрылып, мәдениеттер тоғысқан жерлерде ерекше мәдени және ғылыми жетістіктер пайда болды. Сауда мен мәдени алмасулар арқылы білім, мәдениет  кең таралды. Орта ғасырлардағы түркі авторларының еңбектерінде қазақтардың ата-бабалары, олардың әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен қоғамдағы орны туралы деректер кездеседі.

Осы зерттеулер түркі халықтарының қалыптасуы мен мәдениетінің дамуын түсіну үшін маңызды. Махмұд Қашқаридың “Түркі тілінің сөздігі” еңбегі – қазақ этносының тарихын тереңірек зерделеуге арналған ерекше құнды мұра. Бұл мақалада біз Махмұд Қашғаридың қазақтар және олардың ата-бабалары (түркілер) туралы айтқан мәліметтерін талдап, ортағасырлық дереккөздер қазақ халқының мәдениеті мен тарихи тамырларын зерттеуде қандай рөл атқаратынын қарастырамыз.

Шығарма “Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрді”,- деп басталады. (М.Қашғари: Түркі тілінің сөздігі. 7 б.) Түркілердің табиғатын әсіресе керемет сипттап кеткен. Махмұд Қашғари сөздік қорды жүйелеумен ғана айналысып қоймай, түркі халқының маңыздылығы мен қадір-қасиетін ерекше атап өткен. Ол түркілердің құрметтеуге, зерттеуге тұрарлық ерекше мәдениеті бар деп есептеді. Кітаптан қыпшақтар, ұйғырлар, қарлұқтар және т.б. сияқты түркі көшпелі тайпалары туралы көптеген мәліметтерді табуға болады. Махмұд Қашғари түркілер жайлы былай депті: “… Сондықтан да Тәңірдің өзі оларға ат берген, зер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең әуесі таза шұрайлы өлкелеріне орналастырылған да, оларды “Өз қосыным” деп санаған. Оның үстіне түріктер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіктік, тағы осындай сансыз көп мақтаулы қасиеттерге ие.”  

Махмұд Қашғари түркі халықтарын өтек жоғары бағалағанын көруге болады.  Құрметтегені мен қадірлегені сонша сөздік жайлы да кітап қалдырған. Түрік тілі мен елі жайлы осындай ойлар айтқан Қашқари өзі жайында: “Сонымен, мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан аяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардяң сөздерін және қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған “Диуани лұғат-ит-түрк - Түрік тілдерінің диуаны” деген ат бердім.” - деп баян етеді. (8 б.)

Қорытындылай келе, «Диуани лұғат ат-түрк» – жай сөздік емес, бүкіл түркі халықтарының тарихын, тілін, мәдениетін түсінуде маңызды рөл атқаратын бірегей мәдени мұра. Махмұд Қашқаридің бұл еңбегі ғасырлар бойы әлемдік өркениеттің дамуына орасан зор үлес қосқан түркі әлемінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Ол түркі тілдерін жүйелеп, құжаттап қана қоймай, түркі өркениетін құрайтын халықтардың мәдени дамуының, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпының жоғары деңгейін көрсетеді.

«Диуани лұғат ат-түрк» арқылы әртүрлі түркі халықтарының қаншалықты тығыз байланыста болғанын, олардың тілдері мен мәдениетінің бір кеңістікте қалай араласып, дамып келе жатқанын көреміз. Демек, «Диуани лұғат ат-түрк» түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын кез келген адам үшін құнды білім көзі болып қала береді. Бұл еңбек өткеннің жай ғана мұрағат жазбасы емес, түркі халықтарының, оның ішінде қазақтардың қазіргі ұрпақтары үшін шабыттандыратын, өзіндік болмысын танудың қайнар көзі бола алатын бай мәдени мұраның айғағы. Бұл еңбекті тарихшылар мен тіл мамандары үшін ғана емес, өз мәдениетінің түп-тамырын түсінуге, түркі әлемінің жаһандық үдерістерге ықпалын бағалауға және түркі елдері аясындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылатын әрбір адам үшін маңызды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз