Ақселеу Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында 1942 жылы өмірге келген.
Балалық шағы соғыстан кейінгі ауыртпалығы мол жылдарға тап келді. Соған қарамай Ақселеу Сейдімбек білімге құштар болып, халықтың өткен тарихынан, өнерінен тәлім алып, жаңа қоғамның берген білімінен сусындап өседі. Оның алғаш жазған мақалалары, өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық "Қазақстан пионері" газеттерінде жарияланып тұрды.
А. Сейдімбек Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, журналист мамандығын алады. Ол университеті аяқтаған соң көп жылдар республикалық баспасөз қызмет істеген.
Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері "Ақиық", "Қыр хикаялары", "Тауға біткен жалбыз", "Аққыз", очерктері "Кеніш", "Серпер", басқа да ғылыми еңбектері жеке кітап болып жарық көрді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі