Өлең, жыр, ақындар

Сәттілік-дайындық пен мүмкіндіктің қосындысы

Сәттілік — адам өміріндегі маңызды факторлардың бірі. Көптеген адамдар сәттіліктің кездейсоқтық немесе тағдырға байланысты екенін айтады. Алайда, сәттілік тек қана кездейсоқтық емес, ол дайындықпен мүмкіндіктің бірігуінің нәтижесі. Бұл мақалада сәттіліктің табиғаты, дайындықтың маңызы және мүмкіндіктерді қалай пайдалану керектігі талқыланады.

Адамзат үшін сәттілік әр түрлі ұғымда келеді. Бірі оны жәй ғана кездейсоқ көрсе, кей бірі көп күш жұмсайды. Адамның жанына тән өз мақсат, мұраты болады. Ал олар арман мен қиялдан өз жалғасын табады. Сәттілікке жету жолын 6 бағытпен қарастырсам:

1.Ниеттену.

2.Армандау.

3.Мақсатты айқындау.

4.Күш жұмсау(дайындық). 

5.Мүмкіндіктерді пайдалану( табандылық).

6.Жету.

Ниет ол ішкі ой әрі түйсік. Дұрыс болсын бұрыс болсын ең бірінші адамда ниет қалыптасады. Оның сәттілікке жету жолында маңызы зор. Тіпті сізбен, біздің өмір сүруге деген құлшынысымыз осы ниеттің таза болуына байланысты. Арықарай арманыңа деген адалдық. Шынайы қалаймын ба? Деген ішкі сұрақ. Өмір болғасоң ақ пен қара бір жүреді. Сондай кезеңде өз өзіңе берік болу үлкен ерлік. Осылай келе адам өзінің өміріне деген жауапкершілігін айқындайды. Ең маңыды тұсына келіп жеттік десем, артық айтқаным емес.

 Дайындық пен күш жұмсау- сәттіліктің басты компоненті. Адамдар сәттілікке жету үшін дайындық процесін назардан тыс қалдырмауы керек. Дайындық — білім алу, тәжірибе жинақтау, өз қабілеттерін дамыту. Мысалы, спортшылар үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін ұзақ уақыт бойы дайындалады. Олар әр жаттығу, әр сынақ арқылы өздерін жетілдіреді. Дайындықсыз сәттілік кездейсоқтыққа айналуы мүмкін, ал үздіксіз дайындық — сәттіліктің негізі.

Мүмкіндікті пайдалана алу. Өмірде мүмкіндік көп, бірақ табандылық жоқ. Қорқыныш, үрей және шектеу қою. Қазіргі таңда айтылу керек, маңызы зор, қиындық. Ересек адамның жасқыншақ болып, келіп тұрған мүмкіндікті пайдалану түгілі, көрмеуі талбойы бесіктен қалыптасады. Демек, өсіп келе жатырған ұрпақ санасына табандылықпен сенімділік ұялатпа арқылы, еліміздің көркейуіне үлкен үлес қосамыз. 

Жету. Арманға жету — тек нәтиже емес, сонымен қатар бұл жолда алған тәжірибе, өсу және өзін-өзі дамыту процесі.

Сәттілік — дайындық пен мүмкіндіктің үйлесімі, бұл қағида өмірімізде табысқа жетудің негізі болып табылады. Дайындық сәттіліктің басты кілті, себебі ол адамды қажетті білім, дағдылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өмірдегі мүмкіндіктерді уақытында көре білу және оларды тиімді пайдалану сәттілікті арттырады.

Табандылық, күш-жігер және жауапкершілік таныту арқылы адам арманына қол жеткізе алады. Сәтсіздіктер мен қиындықтарға тап болғанда, оларды жеңіп шығу — шынайы сәттіліктің белгісі. Сондықтан, сәттілікке жету үшін тек талпынып қана қоймай, дайын болу және мүмкіндіктерді пайдалануға дайын болу қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз