2024 жылдың Шілде айында Қытай Халық Республикасының шет ел министірлігінің ұйымдастырумен өткен “International Youth Friendship Camp” саммитінде Қазақстанның атынан ең мықты деген жасөспірімдер мен жастар қатысты. Олар Қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеп, дәстүрлерімен танысып үлкен тәжірбие жинап келді. Саммиттің 1 аптасының ішінде шөлді жерде қонып, қытайлық отбасыда тұрып, құмды таудан сырғанап, тасқа сурет қашап, қағаздан айдаһар қиып, тағамдардың түр-түрін көріп, қайықта серуендеп үлгерген.
Қытайдағы күндері қалай өткенін толық білу үшін, Қазақстанның атынан барған белсенді жастардың біні Зайдуллаева Арайлымнан сұхбат алдым.
Арайлым 11-ші сынып оқушысы. “Жастар Рухы” жастан қанатының Қонаев қаласы филиалының төрағасы. Мектеп Президенті, көптеген волонтерлік ұйымдардың белсендісі. Алматы облысы әкімінің “Заңғар” премиясының иегері
“Enactus OMG” startup-команданың жетекшісі. “OIDARIYA” дебат клубының президенті.
1) Сәлем, Арайлым. Қытай елінде өткен халықаралық Жастар саммитінде Қазақстандық жастар ішінде мыңнан бірі болып суырылып шықтыңыз. Жалпы, саммит қалай өтті?
Саммит өте жоғары деңгейде өткені сөзсіз. Қытайға бармай тұрып, оған дейінгі болған саммиттерден видеоларды қараған болсам да, әлі де не істейтінімізді, қалай болатынын толық білмедім. Ұйымдастырушылық деңгейі мықты болды. Әр делегацияға ментор тіркеп, сол менторлар саммит бойы жағдайымызды жасап отырды. Қытайлықтар өте қонақжай халық екен. Күнде қызықтар болып, жай отыра тұратын уақытымыз да болмады. Нинся провинциясында болып, бірнеше қалаларында болдық. Шөлді жерде қонып, Қытайдың ең ұзын өзенінде жүзіп, қытайлық отбасыда 1 күн тұру - естен кетпес тәжірибе. Одан бөлек, 15 мемлекеттен келген басқа қатысушылармен танысып, халықаралық достықты нығайттық. Ерекше Кореяның, Бангладештің, Монғолияның делегаттарымен күшті тіл табысып кеттік. Әлі күнге дейін инстаграм сияқты желілерде араласып тұрамыз. Жалпылама айтқанда, ұйымдастырушылықтан бастап, қарапайым адамгершіліктеріне өте риза болдық.
2) Ең қызығы, 1 күн Қытай отбасымен тұрыпсың. Олардың мәдениетімен танысқанда қандай дүниелерді есіңде сақтап, түртіп алдың?
Біріншіден, өте қонақжай екен. Мен барған күні сол отбасының анасының туған күні болған екен. Бірақ, туған күнін тойламай, кешке дейін менің келуімді күтіп, дастархан жайып қойыпты. Одан бөлек, естелікке маған және менің отбасыма сыйлық ретінде, Қытайдың дәстүрі бойынша, туған жыл бір жануар жылына сай келеді екен. Сүйтіп маған доңыздың, айдаһар, жылан сияқты мүсіндерді берді. Олармен бірге біз дәстүрлі тамағын - цзяоцзы дайындадық. Жалпы процесс өте қызық екен, маған сол тағамды дайындаудың ұнағаны сонша, Қазақстанға қайтып келіп қайта жасадым. Қытайлықтар дәстүрлерін өте құрметтеп, ұмытпайды екен. Сонысына риза болдым. Одан бөлек, шетелдік адамдарға көз қарастары ерекше. Бізді көріп, өте әдемі екенсіздер деп фотоға түсетін. Сонымен қатар, сөйлескенде эмоционалды екен. Не айтқысы келетінін тілдерінен бұрын қас-көздері айтып қояды. Қуаныштарын кез-келген сәтте қол шапалақтап немесе дауыстап шығарады. Бізде де сол әдет қалыптасып, біраз уақыт қол шапалақтап жүрдім
3) Саммит халықаралық дәрежеде болған соң, ол жерге әр мемлекеттің ең мықты деген оқушылары баратыны сөзсіз. Қазақстанның атынан кімдер таңдалып және қандай жоба арқылы бардыңдар?
Негізі, біз оқушылар барады деп ойлағанбыз. Бірақ негізінде, 16-35 жас аралығындағы қатысушылар екен және біз солардың арасында жалғыз оқушылар болдық. Бізден басқаларының бәрі бакалавр/магистр студенттері болды. Қазақстаннан дарынды оқушылар таңдалды. Математика, лингвистика, құқық сияқты пәндердің олимпиада жеңімпаздары. Тек Республика бойынша емес, әлемдік деңгейде де. Менен бөлек 3 қыз және жетекшіміз болды. Ал жоба жайлы айтатын болсам. Нақты қалай таңдалғанымызды білмеймін. Бірақ, бізді ресми түрде Қытай Халық Республикасының шет ел министрлігі шақырту жіберіп, қатысуға ынталандырғанын білемін. “Дарын” орталығы осы саяхатымызда қолдау көрсетіп, барлық керек дүниемен қамтамасыз етті.
5) Қытай халқының дәстүрімен, тұрмыс-тіршіліктерімен таныстық деп өттің. Соған байланысты мысалдар келтіре кетсең?
Олар өте еңбекқор халық екен. Таңның атысымен, күннің батысымен демалу дегені жоқ. Одан бөлек, тамақтарына біз жемейтін іш-қарындарды қосып, жей береді екен. Көкөністерді көп тұтынады. Және өте жас көрінеді. 18-19 жаста деп ойлаған адам, негізінде 25те болуы мүмкін. Дәстүрлеріне байланысты, мәдениеттері расымен бай. Мысалыға, оларда дәстүрлі окарина деген инструменттері бар. Ол үрлеу арқылы ойналады, өте әдемі. Соны безендірудің өзі бір қызықты процесс екен. Біз практикада көрген басқа да дәстүрлеріне байланысты; қағаздан түрлі қиын мүсіндерді қиып үйрендік. Айдаһар, құс, түрлі жануарлар сияқты. Құмды әйнектің ішіне салып, сумен құйып, әдемі декор шықты. Тасқа иероглифты, суретті қашап, оны бояп та көрдік. Мені ең так қалдырғаны және қуантқаны, дәстүрлерін жәй құрметтеп ғана емес, ұмытпайтындай, келген қонақтарға немесе жаңа ұрпаққа дәріптеп, көрсете алатындай көптеген орталықтар ашылған. Мәдениеттерін қатты мақтан тұтып, жақсы көретіндері анық.
6) Бұл Саммит сізге естен кетпес естелік пен өте мол тәжірбие сыйлағаны байқалады. Өзіңізге жаңа достар тапқан шығарсыз?
Расымен, Саммиттің негізгі мақсаты орындалған сияқты, халықаралық достықты нығайту (15 мемлекеттен қатысушылар болды). Әлі күнге дейін Кореядан, Қырғызстан, Моңғолия, Бангладештың және Қытайдың өзінен достарыммен араласып тұрамын. “I will welcome to Kazakhstan, meet me there” деп барлығы сөз беріп кетті, ендігі кезекте біз қонақ емес қабылдаушы тарап болатын сияқтымыз. Енді менде халықаралық достардан бөлек, тіпті қытайлық отбасым бар!
Сұхбатыңызға көп рақмет, Арайлым ханым. Қазақстанның атынан сіз сияқты дарынды оқушылар көп шығып, шет елге елімізді таныта берсін. Басқа мемлекеттерде ұйымдкстарылып жатқан ауқымды жобалар мен шараларға Қазақстандықтардар көбірек барса, мұның өзі үлкен жетістік!
Амина Тұрдақын
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі