Өлең, жыр, ақындар

Қап, көйлегім-ай!..

Жазда Дәукен атамның ауылына бардым. Ауылға барған күні-ақ жаңа көйлегімді киіп алдым.

Далаға шықтым. Тұраш пен Сапаш доп ойнап жүр екен. Олармен былтыр келгенде танысқанмын. Сапаш мені байқап:

— Әнеш, кел, доп ойнаймыз, — деді.

Анамның көйлегіңді кірлетпе дегені есіме түсіп, ойынға қосылмай тұрдым.

— Көйлегім кірлеп қалады деп қорқасың ба? — деді Тұраш. Ұялып кеттім де, ал ендеше деп, ойынға араластым.

— Мен қақпаға кеттім, — деп, Сапаш жол жиегіндегі екі кесек белгінің ортасына барып тұрды.

Жақындап барып, ышқына тептім. Гол! Сапаш допты ұстаймын деп шалқасынан құлады.

Бір кезде қарасам, ақ көйлегімнің өңірі сатал-сатал болыпты. Қап, көйлегім-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз