Өлең, жыр, ақындар

Әдепті қыз

Әсем әже өз немересі Маржанды әдептілікке үйретіп келеді.

Маржан ерте тұрып, жуынып жүрген атасына келіп:

— Кеш жарық, ата! — дейді.

— Таң қайырлы болсын, жарығым! — деді атасы күліп.

Одан соң Маржан ертеңгі астың алдын аяулы атасына ұсынып:

— Ас тәтті, тәбетіңіз тартымды болсын, — деді. Астан соң Жарқын ата ас қайырды.

— Денсаулығыңызға бұйырсын, ата, — деді Маржан ізет білдіріп.

Маржан мектепте екінші ауысымда оқиды. Кеште мектептен келіп, атасына:

— Күніңіз сәтті болсын! — деді.

— Кешіміз жарық болсын, жарығым! — деп, атасы Маржанның маңдайынан иіскеді.

Бүгінгі күн осылай қызық өтті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз