Өлең, жыр, ақындар

Орталық Азиядағы туризмнің тұрақты дамуы: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және перспективалар

Жаннат АЛИЕВА әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты.

Осы жылдың 21-23 қараша аралығында еліміздің ең ірі университеттерінің бірі ҚазҰУ үлкен көлемде «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР» тақырыбындағы 2-халықаралық форумды сәтті атқарып шықты. Форумның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы туризм деңгейін көтеріп, ынтымақтастық орнатып, сонымен қоса тәжірибе алмасу шараларын қамтиды. Негізгі өзек ретінде көрші мемлекеттен Гонконг политехникалық университетінен, ЮНВТО Тұрақтылық және тұрақты даму Департамент Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрақты Даму Бағдарламасы департаментімен ерекше қонақтарымыз келді. Технологиялар, инновациялар және тұрақты туризм үшін білім беру тақырыбы бойынша сараптамалық сессиялар жүргізілді.

Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті барлық жауапкершілікті қолға алып халықаралық деңгейде бұл үлкен шараны толығымен орындап шыға алды. Сонымен қатар, сол сәттен бастап жаңа FARABI HUB нысанының ашылу салтанаты өтті. Farabi Hub-тың барлық секцияларының ғылыми бөлімшелерінде арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі тұрақты туризмнің жүйелі түрде дамуына байланысты әзірленген бұл секциялардың әрқайсысы өзінің мазмұнымен ерекше болды. Дәлірек айтсақ, тұрақты туризм концепциясы бойынша Қазақстандағы тұрақты туризмді дамытуға қажетті заманауи технологиялар және инновациялық бағдарламалар көрініс тапты.

Жалпы, барлық секциялар арнайы модераторлардың басқаруымен жүйелі түрде жүзеге асты. Келген меймандар аталмыш секцияларды аралау арқылы еліміздің озық технологияларына тәнті болды. Форум барысында қонақтардың барлығына сөз кезегі берілді. Олар өз біліктіліктерімен, тәжірибелерімен алмасып, болашаққа деген жарқын көзқарасы мен альтернативті аспектілерді ұсына білді. Жалпы, Гонгконг университетімен бірігіп жасалынған бұл үлкен жоба Farabi Hub-та өз деңгейінен жоғары түрде өткізілді. Іс-шара барысында қонақтарға сергіту сәті ретінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Қелген қонақтарға қазақ халқының қонақжайлығын көрсету үшін ұлттық нақыштағы дәстүрлі киімдерімен көмкерілген қызметкерлер де шетелдік қонақтардың көңілінен шықты. Форумда қонақтарға ерекше құрмет көрсетіліп, түрлі бағдарламалар өткізілді.

Қорыта келе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Рекреациялық география және туризм кафедрасы осы форум нәтижесінде Гонгконг университетімен тәжірибе алмаса отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен бейбіт келісімді одан әрі жалғай түсті. Бұл форум арқылы еліміздегі тұрақты туризм әлеуетін арттыру үшін көптеген жаңа бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болдық. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз