Өлең, жыр, ақындар

Кенеттен

Бір жас жігіт соңғы рет шашына бір қарап, курткасының жағасын көтеріп:

— Анашым мен кеттім, ана шалдың жұмыстарын бітіріп келемін, — деп үйден шығып кетті. Жігіттің шал деген адамы, 2 апта бойы кома халінде жатқан атасы еді. Кәрі кісі 35 жылдан астам мешітте азаншы қызметінен зейнеткер болғаннан кейін баласынан айрылып, бұл қайғының артынша жүрек ауруына шалдыққан еді. Ал бұл футболшы немересі, қазір соның қабірін дайындап, жерлеу жұмыстарын атқару үшін мойнындағы соңғы міндетін орындамақшы еді.

Әлгі жігіт сол апта ішінде ойнайтын ойындарында екінші құрамға түспегенінде, бәлкім мұндай істерге бармайтын да еді. Бірақ атасын тексерген дәрігерлер: «Ең арысы үш күндік өмірі қалды» дегенде, үйдегі жалғыз еркек ретінде бұл істі өзі тындыруы керек еді.

Дайындалған қабір, шынымен де үш күннен кейін өз иесін тапты. Имам жерлеу ісін бітірген соң қабірдің басында Құран кәрім оқыған кәрі адамға қарап: «Комадан шығып жазылуыңыз бізді қуантты ата. Бірақ немереңіздің кенеттен өлгеніне қайғырдық. Енді оған фатиха бағыштап тұруды ұмытаңыз!» — дейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз