Өлең, жыр, ақындар

Уақытты қалай сезінеміз:заманауи өмір жылдамдығы

Уақытты қалай сезінеміз: заманауи өмірдің жылдамдығы

Уақыт келмейді – ол тек өтеді. Әр адам оны әртүрлі сезінеді: кейде сағаттар зымырап өтсе, кейде минуттар ұзақ болып кеткендей көрінеді. Заманауи өмірде уақытты басқару мәселесі көп талқыланады. Себебі уақытты өзің басқармасаң, ол сені басқарады.

Уақыттың баяу не болмаса жылдам өтуі адамның психологиялық жағдайына байланысты. Мысалы, балалық шағымызда күндер ұзақ әрі баяу өтетіндей көрінетін. Ал есейген сайын уақыттың жетіспейтінін сезіне бастаймыз, әр минутымызды бос жібермеуге тырысамыз. Бұған не себеп? Себебі өскен сайын жауапкершілігіміз артады. Бала кезіміздегі уайымсыз, қамсыз күндерді сағынамыз.Кембридж университетінің космологы: “Егер уақыт үлкен жарылыстың нәтижесінде пайда болды деп есептесек, оның аяқталуы да логикаға сай келеді”, – деп пікір білдіреді. Бұл ой уақыттың белгілі бір бастауы мен аяқталуы бар екенін меңзейді.Қазіргі әлеуметтік желілер уақыттың жылдам өтіп жатқанын айқын көрсетеді. Адамдар жұмыс, оқу, жеке өмір арасында үлгеру үшін үнемі асығып жүреді. “Уақытымды алма”, “уақытыңды бағала” деген сөздерді жиі естиміз. Уақытты үнемдеу үшін көпшілігіміз бірнеше іспен бірден айналысуды әдетке айналдырамыз.Уақытты тиімді басқару туралы ресейлік психолог Алексей Столяренко өзінің «Басқару психологиясы» еңбегінде былай деп жазады: “Әр адам күнін бастамас бұрын, алдымен сол күнде қандай істерді бітіруі керек екенін нақтылап алуы қажет. Оларды маңызды және маңызы аз істер деп бөліп, ең алдымен маңызды істерге мән беруі керек”. Осылайша, күн тәртібін дұрыс жоспарлау арқылы уақытты тиімді пайдалануға болады.

Уақыттың тез өтіп жатқандай көрінгеніне қарамастан, оны басқару – адамның өз қолында. Басты назар аудару қажет нәрсе – уақыттың жылдамдығы емес, оның сапасы. Өмірдегі ең бағалы ресурс – уақыт. Оны ақшаға айырбастай алмайсыз.

Енді ойланып көріңізші: бір күнде өзіңізге қанша уақыт арнайсыз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер