Еріншектік - Абай атамыз атап көрсеткен адамзаттың бес дұшпанының бірі. Бұл жағымсыз қасиет бізге зиянын тигізбесе,пайдасын тигізбейтіні хақ.Адамның жаратылысы демалып, тынығуы қажет.Алайда бұл қажеттіліктер мөлшерден асып кетсе, еріншектік бойымызды билеп алуы мүмкін.Әр адам дөптеген мақсатына жетуі үшін ерінбей еңбек етуі шарт.Бірақ бұл шартты біріміз орындасақ,біріміз кейінге шегере береміз.Жаңа істі соңына дейін жеткізу үшін еріншектікпен қалай күресуге болады?
1.Уәдеге берік болу
Хакім Абай айтқандай, «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» еріншек болмауға ең алдымен өзіңізге уәде беріңіз.
2.Тайм-менеджмент
Лексиконымызға еніп кеткен «Тайм-менеджмент» сөзі «уақытты басқару» деген мағынаны білдіреді. Уақыт ешқашан адамзатқа бағынған емес,ол өз ағынымен жүріп отыратын құбылыс.Алайда оны тиімді пайдалану өз қолымызда.Берекелі іс, өнімді еңбек еткіміз келсек, күнделікті жоспар құрып, орындағымыз келетін тапсырмалар тізімін арнайы уақытпен белгілеп қойған жөн.
3.Мақсатқа адалдық
Мақсатсыз адам - қанатсыз құспен тең. Сондықтан өзіңнің жүрегің қалаған арманға миың да сеніп, асқақ арманды мақсатқа айналдыру маңызды.Егер әр адам өз мақсатына соңына дейін адал болып, ерінбей барлық мүмкін іс-әрекеттерді орындаса, оның биік шыңға шығуы сөзсіз.
4.Салауатты өмір салты
Әдемі өмір сүргісі келетін әр адам дұрыс тамақтануға, уақытылы ұйықтауға, зиянды әдеттерден бас тартуға және организмді шынықтыруға ұмытылуы тиіс.Мәселен,мөлшерден тыс тамақтансақ желкемізге жалқаулық жабысып алады. Тамақты көп жесеңіз,сіз оны көтересіз, аз жесеңіз, ол сізді көтеретінін естен шығармаңыз.Сол секілді күш-жігердің жеткіліксіз болғанын қаламасақ,денені шынықтыруды әдетке айналдыру қажет.Ал егер бастапқыда физикалық белсенді болуға зауқыңыз болмаса,аз-аздан үздіксіз жасап отыру арқылы энергияны арттыруға болады.
5.Жоспардан бұрын
Қолыңыз босай қалса,алда істеуіңіз керек шараны мезеті әбден жақындағанда емес, жоспарланған уақыттан бұрын жасауға кеңес беремін.Себебі дамуға немесе демалуға арнауға болатын артық бос уақытыңызды қамтамасыз ете аласыз.Бұл арқылы өзіңізге деген мақтаныш сезімі де басым болады.
Әр адам өз өмірінің суретшісі.Қандай болуды таңдасаңыз,сол таңдаумен өміріңізді қалыптастырасыз.«Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны» демекші, бұл дұшпанға дос болудан аулақ болайық.
А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы: Ғажайып Әділханқызы
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі