Бүгінде жұмыссыздық пен кедейлік көптеген елдерде маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік және психологиялық қиындықтарға да әкеледі. Қазақстанда да жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен кедейшілік халықтың өмір сапасына тікелей әсер етуде.
Жұмыссыздықтың пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді. Біріншіден, экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыстар кейбір кәсіпорындардың жабылуына әкеліп, жұмыс орындарының азаюына себеп болады. Нәтежесінде көптеген адамдар табысынан айырылады.
Екіншіден, жаңа технологиялардың дамуы кейбір мамандықтарға сұранысты азайтып, адамдарды басқа салаларға бейімделуге мәжбүрлейді.
Үшіншіден, жоғары оқу бітірген жастар тәжірбиесі жоқ болғандықтан жұмыс табуға қиналады. Өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған адамдар жұмыссыздар қатарын көбейтеді. Сонымен қатар, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық та жұмыссыздыққа әсер етеді. Қалада жұмыс табу мүмкіндігі жоғары болғанымен, ауылдық жерлерде жұмыс орындары шектеулі. Сондықтан көптеген адамдар жақсы өмір іздеп қалаға көшуге мәжбүр болады, бірақ олардың барлығы тұрақты жұмыс таба алмайды.
Кедейліктің себептері: Кедейліктің басты себептерінің бірі – жұмыссыздық. Адамдар тұрақты табысынан айырылған кезде, олардың өмір сүру деңгейі төмендейді. Кейбіреулер несие алып күн көруге мәжбүр болады, бірақ уақыт өте оны қайтару қиындайды. Сонымен қатар, кедей адамдар үшін сапалы білім мен медициналық қызметтер қолжетімсіз болуы мүмкін.Кедейлік тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамға әсер етеді. Егер халықтың көп бөлігі төмен табыс деңгейінде өмір сүрсе, елдің экономикасы баяу дамиды. Сонымен қатар, әлеуметтік теңсіздік пен қылмыс деңгейі артуы мүмкін.
Мәселені шешу жолдары: Жұмыссыздық пен кедейлік мәселесін шешу үшін нақты шаралар қажет.
Біріншіден, мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу және шағын бизнесті қолдау саясатын жүргізуі керек. Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беру арқылы оларды жаңа жобалар ашуға ынталандыруға болады.
Екіншіден, білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына сай өзгерту қажет. Қазіргі таңда кейбір мамандықтарға сұраныс төмен, ал техникалық, IT және ауыл шаруашылығы салаларында білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан жастарды осы бағыттарға оқыту үшін арнайы курстар ұйымдастыру маңызды.
Үшіншіден, ауылдық жерлердегі экономикалық жағдайды жақсарту керек. Егер ауылдарда жаңа кәсіпорындар ашылып, инфрақұрылым дамыса, адамдар туған жерінде жұмыс тауып, қалаға жаппай көшу қажеттілігі азаяды. Жұмыссыздық пен кедейлік – елдің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелердің бірі. Оны шешу үшін мемлекет, бизнес және қоғам бірлесе әрекет етуі керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың білім деңгейін көтеру – осы мәселемен күресудің негізгі жолдары. Егер бұл бағытта нақты шаралар жүзеге асырылса, болашақта қоғам әлдеқайда тұрақты әрі дамыған болады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жетисова Ботагоз
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі