Димаш Құдайберген

Басты бет / Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Оқушылардың өзге жұмыстары / Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Димаш Кұдайберген, Әнші, талант, арман — осы тақырыптарға байланысты.

Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген — қазақстандық танымал әнші, ерекше дауыс диапазонымен және орындаушылық шеберлігімен әлемге әйгілі болды.

Димаш 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында өнерлі отбасында дүниеге келді. Әкесі Қанат Айтбаев — облыстық филармонияның басшысы, ал анасы Светлана Айтбаева — облыстық мәслихат депутаты. Бес жасынан бастап фортепианода ойнап, балалар хорында ән айтты. 2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжді тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Шығармашылық жолы

Димаштың кәсіби мансабы бірнеше беделді байқаулардағы жеңістерінен басталды:

2010 жылы «Байқоңырдың әсем дауыстары» халықаралық фестивалінде І жүлде лауреаты атанды.

2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесін иеленді.

2015 жылы Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды.

2017 жылы Қытайдағы «I Am a Singer» жобасына қатысып, екінші орынға ие болды, бұл оның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етті.

Қызықты фактілер

Димаштың дауыс диапазоны жеті октаваға дейін жетеді, бұл оны әлемдегі ең ерекше дауысты әншілердің қатарына қосады.

Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» номинацияларының жеңімпазы атанды.

Димаш Құдайберген — қазақ өнерінің мақтанышы, өзінің таланты мен еңбегінің арқасында әлемдік деңгейде танымал болған әнші.Димаш сияқты ағаларымыз көп болсын еліміздің туын көкке көтеріп жүрген әншіміз. Осындай талантты жігерлі әншілереіміз қолдай көрсету қажет. Мен Димаш ағамызды мақтан тұтамым.

Сабырқұл Диас



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Нағашыбай

Димаштай адамдарымыз көп болсын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Димаш Құдайберген деген не?

Бұл бетте Димаш Құдайберген тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Димаш Құдайберген материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Димаш Кұдайберген тақырыбындағы материалдар Әнші тақырыбындағы материалдар талант тақырыбындағы материалдар арман тақырыбындағы материалдар Димаш тақырыбындағы материалдар Димаш Кудайбергенов тақырыбындағы материалдар Diko2007 жариялаған басқа материалдар