Киноиндустриядағы технологиялық жаңалықтар
Киноиндустрия – бұл тек көркем шығармашылық емес, сонымен қатар технологиялармен тығыз байланысқан саланың бірі. Жыл сайын кино жасаудың жаңа әдістері пайда болып, көрермендерге бұрын-соңды болмаған әсер қалдыру үшін ең озық технологиялар қолданылады. Ол адамзат тарихын, түрлі елдердің мәдениетін, әлеуметтік мәселелерін бейнелейтін маңызды құралға айналды. Кино арқылы адамдар өз сезімдерін, ойларын, армандарын білдіреді, сондай-ақ қоғамдағы өзгерістер мен даму үрдістерін көрсетеді. Қазіргі заманғы киноиндустрия тек фильмдер өндірісімен ғана шектелмей, кинофестивальдер, кинотеатрлар, онлайн платформалар арқылы дүниежүзілік аудиторияға тарайтын әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Осылайша, киноиндустрияның дамуымен қатар, оның мәдени, экономикалық және әлеуметтік әсері де айтарлықтай артты.
Кино саласы шығармашылық пен технологияның тоғысқан саласы ретінде үнемі дамып отырады. Жаңа технологиялар режиссерлерге бұрын мүмкін емес болған кадрларды түсіруге, оқиғаларды ерекше тәсілдермен көрсетуге және көрермендерге әсерлі тәжірибе ұсынуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары кино түсіруде қолданылған кейбір технологиялар – виртуалды өндіріс, жасанды интеллект, және 3D визуализация – көрермендерді шынайылыққа жақындатуда маңызды рөл атқарды.Мәселен,Джеймс Кэмеронның 2009 жылы шыққан “Аватар” фильмі кино индустриясындағы технологиялық төңкеріс болды. Фильм CGI (компьютерлік графика) мен өнімді түсіру (motion capture) технологияларын бұрын-соңды болмаған деңгейде қолданды. Кэмерон фильмді түсіру кезінде актерлердің қозғалыстарын арнайы костюмдер арқылы түсіріп, цифрлық түрде анимацияланған кейіпкерлерге айналдырды. Бұл технология көріністерді дәл көрсетіп, кейіпкерлердің эмоциясын шынайы етіп көрсетті.2022 жылы шыққан “Аватардың” жалғасы да осы технологияларды жаңартып қолданды. Фильмдегі су астындағы көріністер арнайы жабдықтармен түсірілді, және CGI көмегімен толығымен сандық түрде қайта жасалды. Бұл фильм жаңа технологиялар арқылы кино түсіруде шынайылыққа бір қадам жақындатты.
Соңғы жылдары виртуалды өндіріс (virtual production) кино түсіруде үлкен серпіліс жасады. Бұрын режиссерлер жасыл экранның көмегімен арнайы эффектілерді кейіннен қосса, қазіргі таңда LED экрандар қолданылады. Мысалы, Disney компаниясы “The Mandalorian” телесериалын түсіру барысында LED экрандар мен виртуалды өндіріс технологиясын қолданды. Бұл технология актерлерге шынайы ортада түсіруге мүмкіндік берді, ал фильмді монтаждау процесі жеңілдеп, көріністер шынайырақ болып шықты. Көріністер тікелей экранда көрсетіледі, бұл режиссерлерге актерлерді шынайы түрде бейімдеп, түсірілім барысында визуалды эффектілерді бірден қосуға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект (ЖИ) кино өндірісінде әртүрлі деңгейде қолданыла бастады. Сценарий жазудан бастап, трейлер құрастыруға дейін көптеген кезеңдерде ЖИ көмектеседі. Мысалы, IBM компаниясы “Morgan” фильміне арналған трейлерді жасау үшін Watson AI технологиясын қолданды. ЖИ-ға көптеген қорқынышты фильмдердің трейлерлерін талдауға мүмкіндік берілді, содан кейін ол сол деректер негізінде жаңа фильмнің трейлерін өзі құрастырды. Бұл әдіс уақыт пен күшті үнемдеп қана қоймай, шығармашылықта да жаңа тәсілдер ұсынды.
Deepfake – бұл жасанды интеллект негізінде жасалған технология, ол адамның бейнесін өзгертіп, оны басқа біреудің бетімен алмастыра алады. Киноиндустрияда бұл технология кейбір жағдайларда актерлердің бет-әлпетін жасарту немесе қайтыс болған актерлерді фильмге “қайтару” үшін қолданылады. Мысалы, “Жұлдыздар соғысы: Скайуокердің өрлеуі” фильмінде қайтыс болған Кэрри Фишердің образы deepfake технологиясы арқылы қайта жасалды. Бұл тәсіл көрермендерге ескі кейіпкерлермен қош айтыспауға мүмкіндік береді.
Қосымша шынайылық (AR) мен виртуалды шынайылық (VR) кино көрермендерінің тәжірибесін жаңа деңгейге көтерді. VR арқылы көрермен фильмге тікелей еніп, оқиғаға қатысушы ретінде бола алады. Мысалы, “The Lion King” фильмін түсіру кезінде режиссер Джон Фавро виртуалды шынайылықты пайдаланып, виртуалды кеңістікте фильмнің әлемін бақылап, камера қоя алды. Бұл жаңа технология режиссерлерге түсірілімді алдын ала жоспарлауға және түсіру процесін оңтайландыруға мүмкіндік берді.
Голограмма технологиялары кино индустриясында тек көрермендердің тәжірибесін арттырумен шектелмейді, сонымен қатар өндіріс процесінде де қолданылады. 3D сканерлеу арқылы актерлердің толық цифрлық модельдерін жасауға болады, бұл кейінірек оларды фильмнің кез келген көрінісіне кіріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы, Марвел фильмдерінде актерлердің жас кезіндегі бейнесін көрсету үшін бұл технология қолданылады, бұл ретте түсірілім тобы актерлердің жас нұсқаларын жасанды түрде жасартпай-ақ пайдаланады.
Жоғары да айтылған сөздерді түйіндей келе,киноиндустриядағы технологиялық жаңалықтар фильмдердің сапасын арттырып қана қоймай, көрермендердің кинематографиялық тәжірибесін де өзгертуге ықпал етеді. Фильм түсіру процесін жаңа деңгейге шығарып, режиссерлер мен көрермендерді шынайы әлемге жақындата түседі. Виртуалды өндіріс, жасанды интеллект, deepfake және VR/AR сияқты озық технологиялар кинематографты болашақта жаңа деңгейге көтеріп, шығармашылықты шексіздікке жеткізеді. Кино жасаушылар осы технологиялар арқылы көрермендерге әсерлі әрі терең оқиғаларды жеткізуге мүмкіндік алып отыр. Алдағы уақытта бұл жаңалықтар дамуын жалғастырып, кино өнерін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі