Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбайұлы

         "Артық ғылым кітапта,

         Ерінбей оқып көруге"-деген Абайдың қанатты сөзіндегі ойдың қазіргітзамандағы кітап оқуымен байланысы бар ма?            

Кітап-оқуына ақы сұрамайтын асыл зат.Кітап-адам баласыгың жан азығы,жан досы.Себебі,бар білім кітапта.Адам баласы әріп танығаннан бастап,кітап оқуға дағдылана бастайды.Кітап арқылы өмірге деген көзқарасы өзгеріп,жеке тұлға ретінде өз ойын анық жеткізіп,тілдік қорын байытады. 

Абай Құнанбайұлы атамыздың қанатты сөзін ескерсек,былай делінген:"Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге".Тек бұл қанатты сөзінен ғана емес,жалпы шығармашылығынан ол жастарды білімге,оқуға,еңбектенуге шақырғанын біле аламыз.Тіпті,отыз екінші қара сөзінде "Кітап,білім-ғылым үйренбекке ең алдымен білмек" керек деген.Оны Абай атамыз алты жолға бөлген.Ең алдымен,білім табылса оны андай-мұндай іске жаратар едім деп емес,керек болып қалар деп іздемекке керек деген.Екіншіден,білім үйренгенде ақиқат мақсатын болу керек.Үшіншіден,ең алдымен өзің құрмет етуі керек.Төртіншіден,білімді көбейтуге адамның ішінде екі қару болу керек:бірі-мұлахаза қылу,екіншісі-берік мұхафаза қылу.Бесіншіден,төрт уайыл кеселінен қашық болу.Алтыншы,ақыл,ғылымды сақтайтын мінез сауатты болу керек деген.Осы берілген көптеген ресурс сөздерін қазіргі заманда тиімді пайдаланатындардын саны аз.Біз осы Абай атамыздың бір кітабының өзінде қаншама білім жатқанын түсіне бермейміз.Арамызда кітап оқитындар бірен-сараң."Ерінбей оқып көруге"-деген сөзінің өзінде үлкен мағына бар.Бізді ең алдымен бұзатын жаман қасиеттеріміздің бірі:салғырттық,жалқаулық,еріншектік,Бұл туралы да ол "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде айтылған бес нәрседен қашық бол:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ деген жолдар да адам өз жан дүниесін осы жаман қасиеттер жаулап алуға әрекет етпесін деп айтылған ой деп түсінемін.Біз бойымызға керісінше адамгершілік,білімге құштарлық деген сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруіміз керек.Әрине, ол үшін еңбек қылу керек,сонда ғана еңбегіміздің жемісін көреміз.Бір күндік күнтізбемізге кітап оқу деген әдетті кіргізу керекпіз.Бұның пайдалары өте зор,миды да жаттықтырып,есте сақтау қабілетті артырады,

Қорытындылай келе, бар білім кітапта.Сол үшінерінбек оқуымыз керек.Кітаптың жанға руханиазық болар қасиетін түсінуге тырысайық.Әроқыған кітаптың әр сөйлеміне мән беріп,соданой түйу.Кітап оқудың адамға берерімол.Себебі,адамзат баласының бастыміндеті-саналы,білімді ұрпақ тәрбиелеу емес пе?


11

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз