Балалық шақ: Өмірдің Ең Бағалы Кезеңі
Балалық шақ – бұл адам өміріндегі ең ерекше және маңызды кезеңдердің бірі. Ол тек физикалық ғана емес, психологиялық, әлеуметтік және рухани дамудың бастау алатын уақыты болып табылады. Балалық шақта адам әлемді, адамдарды таниды, алғашқы білім мен дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, бұл кезеңде жеке тұлғаның, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін негіз қалауға болады. Балалық шақ – адамның өмір бойы есте сақтайтын, ішкі сезімдер мен әдемі естеліктердің байлығын жинақтайтын кезең. Сондықтан да, бұл уақыттың құндылығы ерекше.
Балалық шақтың психологиялық мәні өте зор. Бұл кезеңде балалардың сана-сезімі мен ойлау жүйесі қалыптасып, олардың алғашқы әлеуметтік дағдылары дамиды. Ерте жастан бастап балалар ата-анасымен, ағалары мен апаларымен, достарымен қарым-қатынас жасау арқылы мінез-құлық үлгілерін үйренеді. Осы кезеңде адамның алғашқы эмоциялар, қуаныштар, уайымдар мен күйзелістер айқын көрінеді. Балалық шақтағы сүйіспеншілік, жанашырлық, әділеттілік туралы түсінік балалардың болашақтағы моральдық құндылықтарының қалыптасуына негіз бола алады.Менің пікірімше, баланың дамуында ата-ананың, жақын туыстарының рөлі шешуші болып табылады. Әсіресе балалар ата-анасынан не үйренсе, сол қасиеттерді өз өмірінде қайта жаңғыртады. "Ұяда нені көрсең,ұшқанда соны ілесің-демекші,егер ата-аналар мейірімді, әділ, құрметті болып, балаларына жақсы тәрбие берсе, ол баланың болашақ өмірінде айтарлықтай маңызды әсер қалдырады.Менің өз балалық шағымды еске алсам, сол кездері түрлі ойындар мен қызықты оқиғалар есімде қалыпты. Мысалы, ол кезде бізде ұялы телефон деген болмайтын.Біз достарымызбен үйдің ауласында түрлі рөлдік ойындар ойнайтынбыз. Қиялымыз шексіз болатын, кейде өзімізді супергерой немесе атақты ғалым ретінде елестетіп, әртүрлі әрекеттер жасайтынбыз.Есте қалған ең бір қызықты сәт ол мен қазір үйге кіріп су ішіп келемін деген кезде де қазір мені анам шығармай қала ма?деген сияқты ойлар қорқытатын.Қазір сол сәттерде ойласам,ол ешқандай мәселе емес екенғой деп күліп еске аламын.
Балалық шақтың әлеуметтік мәні де ерекше. Бұл уақытта бала өзінің алғашқы әлеуметтік дағдыларын дамытады, қоғамның бір мүшесі ретінде өзін сезініп, топпен жұмыс істейді. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың бірге ойнауы, топтық жұмыс істеуі, ұжымдағы қарым-қатынас дағдыларын игеруі өте маңызды. Достық, топтық ынтымақтастық және бір-бірін қолдау –бұл барлық балалардың қалыптасуында маңызды рөл атқаратын факторлар. Сонымен қатар, балалық шақтағы алғашқы достық байланыстар мен өмірлік дағдылар – бұл болашақта адамға көмек беретін қасиеттер.Достармен қарым-қатынас жасау, түрлі әлеуметтік топтарға бірігу – баланың тұлғалық дамуына ерекше ықпал етеді. Әрбір бала әртүрлі жағдайларда өзін танып, басқалармен қарым-қатынас жасап үйренеді. Осылайша, балалық шақ әлеуметтік қабілеттердің алғашқы негіздерін қалайды. Қарым-қатынас жасауды үйрену арқылы бала өз ойларын ашық айтып, басқалардың пікірін тыңдауға дағдыланады.Баланың тұлға болып қалыптасуында отбасының рөлі ерекше. Ата-аналардың тәрбиесі, үйдегі атмосфера, балаларға көрсетілген сүйіспеншілік, олардың болашақ өміріне тікелей әсер етеді. Балалар отбасы ішіндегі тәртіп пен қарым-қатынасты бақылап, соған сүйене отырып мінез-құлықтарын қалыптастырады. Отбасының рөлі баланың әлеуметтік, моральдық және эмоционалдық дамуына көп әсер етеді. Әрбір бала өз ата-анасының қылығынан үйренеді, егер ата-ана өз балаларымен құрметпен, түсіністікпен қарым-қатынас жасаса, бала да өз кезегінде осы қасиеттерді өзгелерге көрсете алады.Сондай-ақ, балаға дұрыс тәрбие мен білім беру тек оның отбасындағы жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар мектептегі ұстаздарының да ықпалы зор. Баланың өміріне дұрыс бағыт беру үшін ата-аналар мен мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасауы қажет. Мектептегі алғашқы білім мен тәрбие бала үшін өте маңызды, себебі осы кезде оның ой-өрісі, дүниетанымы кеңейіп, әлеуметтік дағдылар дамиды.
Балалық шақтың тағы бір маңызды факторы –бұл шығармашылық дамуы. Бала өз қиялына ерік беріп, түрлі ойындар ойнайды, кейіпкерлермен, фантастикалық оқиғалармен өмір сүреді. Бұл шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мысалы, баланың сурет салуы, ән айтуы, би билеуі – бұл оның шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Баланың өз армандары мен қиялын жүзеге асыруы оны болашақта өзін-өзі білдіре алатын тұлғаға айналдырады.Балалық шақ – әрбір бала үшін ерекше кезең, ол жаңа білім мен дағдыларды үйренуге, өз мүмкіндіктерін ашуға ұмтылысын қалыптастырады. Шығармашылық қабілеттер, бейнелеу өнері, музыка мен би сияқты іс-шаралар балаға өзін-өзі тануға және дүниені басқа қырынан көруге көмектеседі.Өкінішке орай, барлық балалар балалық шақты оңай әрі бақытты өткізбейді. Кейбір балалар отбасындағы қиындықтар, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, тұрмыстық мәселелер сияқты кедергілерге тап болады. Осы себепті балалық шақтың бақытты өтуі көп жағдайда қоғамның және отбасылардың жағдайына байланысты. Мұндай жағдайлар баланың психологиялық дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Бірақ мұндай қиындықтар балаға өмірдің шын мәнінде күрделі екенін үйретеді, әрі ол болашақта қиындықтарды жеңу үшін күшті болуға ұмтылады.Балалар қиындықтарға төтеп беруді үйренген кезде, олар болашақта өмірде маңызды шешімдер қабылдауды, қиыншылықтарға қарсы тұруды және жеңуді үйренеді. Осылайша, балалық шақтағы қиындықтар адамды күшті әрі төзімді етуі мүмкін, бірақ мұндай қиындықтарды дұрыс жеңу үшін оны қолдайтын адамдар мен қоғамның рөлі зор.
Қорытындылай келе, балалық шақ – бұл тек жеке тұлғаның емес, қоғамның да дамуының негізі болып табылатын кезең. Осы шақта адам өзіне тән қасиеттерді, мінез-құлық пен дүниетанымның алғашқы негіздерін қалыптастырады. Сонымен қатар, бала үшін әлемнің шын мәнін түсіну, түрлі эмоцияларды сезіну, адамдық қасиеттерді игеру маңызды болмақ. Сондықтан балалық шақтың бақытты әрі толыққанды өтуі үшін оған қолайлы орта, қамқорлық, тәрбие мен білім берілуі керек.Менің ойымша, балалық шақтағы өткен әрбір сәт – болашақта шешімдеріміз бен таңдауларымызға негіз болатын тәжірибе болып табылады. Бұл кезеңде адамның әрбір әрекеті, арманы мен қиялы өзінің толыққанды тұлғаға айналу жолындағы алғашқы қадамдары. Әрине, балалық шақта кездесетін қиындықтар мен сынақтар да маңызды рөл атқарады. Өйткені қиындықтарды жеңу арқылы адам төзімділік пен күш-жігерді, өмірдің шынайы болмысын түсінуді үйренеді.Сол себепті, балалық шақтың құндылығы оның тек қуанышты сәттерінде ғана емес, оның кез келген қиындықтар мен жеңістердегі маңызында да жатыр. Бұл кезеңді дұрыс бағалап, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы болашақта өміріміздің қаншалықты табысты болатынын айқындаймыз. Балалық шақтың құндылығы мен маңызын тек өзіміз ғана емес, бүкіл қоғам бірдей сезінуі тиіс
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі