Шығыстың жүрегінен алып тұлға,
Көтерді қазақ елін биік шыңға.
Берді ол өз еліне асыл мұра,
Әділдік деп күресті жаман сынға.
Семей жері ақындардың мекені,
Қазақ елі жыршылардың кең елі.
Хәкім Абай рухына бағыштадым,
Бұл өлеңді оқиғой дос,дұшпаным.
Ұлы Абай даналардың шырағы,
Өсиеттері алтын-кендей жырағы.
Сезімдерге бөлейді әр сырлары,
Қазақ үшін арналды әр жырлары.
Өлеңдері құлақта сыңғырлаған,
Ғылым һәм білім деп шырылдаған.
Қалдыма Абайлардай тұлғаларың?
Қалмаса басым болды арамдарың!
Әдебиеттің бастауын Абай салды,
Келіспесең қазағым көңіл қалды.
Абай жолы-ұрпаққа жолын ашты,
Қара сөзі-өмірге серпін шашты.
Еңбектері арналады қазағыма,
Қалма сенде наданның мазағына.
Ізденерсің өмірде білімменен,
Сыналма сен ұрпағым халқыңменен!
Қазынасын қалдырды еңбегімен,
Құр босқа ұйықтама ұйқыменен.
Хәкім Абай сөздерін ойымызға,
Сіңірейік қазағым бойымызға.
Абай аты бәріненде ұлылық,
Өлеңдері әлем үшін сұлулық.
Жауқазындай жанардың көзін алды,
Абай ізі-адамның ойын салды.
Қара сөзі-өмірдің шын бейнесі,
Тұңғиықтың тереңіндей қиын ісі.
Абайлардай ұлы тұлға бұл өмірде
Туылмайды бұл ғасырда,осы әлемде
Ал оқырман арнадым арнауымды,
Абай сынды атама толғауымды.
Ұлыларын ұлықтағын ұрпақтарың,
Әлем үшін жар салады шырақтарың!
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Мусабек Мерғалым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі