Адам баласы өмір бойы армандайды. Бірі биік шыңды бағындыруды қаласа, енді бірі ел аралап, дүниені танысам дейді. Тағы бірі жай ғана бақытты болуды армандайды. Ал енді ойланып көріңізші: арманның шегі бола ма?
Арман — адамның ішкі жан дүниесінің ең асыл, ең таза көрінісі. Ол бізге бағыт береді, үміт сыйлайды, өмірімізге мағына қосады. Бір сәтке армансыз адамды елестетіп көріңіз – оның жанарында от та жоқ, жүрегінде үміт те жоқ. Сондықтан арман — адам болмысының ажырамас бөлігі. Кейде қоғам мен айналамыздағы адамдар: “Ол қолыңнан келмейді”, “Қияли болма!” — деп шектеу қояды. Бірақ арманға шек қою — өзіңе шек қоюмен бірдей.
Аспанның шекарасы жоқ болса, неге адамның арманы шектеулі болу керек?
Иә, арман әрдайым орындала бермейді. Бірақ ол орындалмаса да, бізді өсіреді, жетістікке жеткізетін жолға салады. Ең бастысы — армандаудан қорықпау. Арман үлкен болсын, батыл болсын, шексіз болсын. Себебі адам армандай алған сәттен бастап қана алға жылжиды.
Арманның шегі жоқ. Шек — тек өзіміздің ойымызда. Арманымыз қаншалықты ұлы болса, өміріміз де соншалықты жарқын болмақ. Армандаудан ешқашан бас тартпа!
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жетисова Ботагөз
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі