Назарларыңызға әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан қонақ үйлерді ұсынамыз. Күнделікті қарбалыстан шаршап, алыста, ешкім мазаламайтын жерде демалғыңыз келсе бұл қонақ үйлер сіз үшін. Бұл қонақ үйлерде тынығып, тыныштыққа кенелесіз.
1. Патагониядағы Explora Patagonia, Чили
Explora қонақ үйі Пеоэ көлі мен Кордильера-дель-Пайне тауының маңында орналасқан. Ең жақын қала 274 км қашықтықта орналасқан.
2. Намибиядағы Sossusvlei Desert Lodge, Африка
Sossusvlei Desert Lodge — Намибияның шөлінде орналасқан салтанатты, толық жабдықталған шұрат. Жарқын жұлдызды түндерді басқа еш жерден көре алмайсыз.
3. Тофинодағы Wickaninnish Inn, Канада
Wickaninnish Inn қонақ үйі кемпингке ұқсайды, айырмашылығы тамаша теңіз айлағы мен керемет кешкі асында.
4. Оңтүстік Африкадағы Lion Sands Game Reserve
Lion Sands Game Reserve-де адамдарға қарағанда, арыстандарды жиі кездестірерсіз. Қаланың қарпалысынан шаршап, тыныққысы келгендер үшін теңдесіз орын.
5. Эннетбюргендегі Hotel Villa Honegg, Швейцария
Бюргеншток тауында бес жұлдызды қонақ үй орын алған. Қонақ үйдің жанында Люцернск көлі бар. Табиғат аясында демалуды жақсы көретін жандар үшін.
6. Балидегі Viceroy Hotel, Индонезия
Алыста орналасқан Viceroy Hotel тыныштықты сүйетін жандар үшін.
7. Монтедегі Whitepod Hotel, Швейцария
Қонақ үй үлкен гольф добына ұқсайды.
8. Каньон-Пойнттегі Amangiri Resort, Юта
Юта шөлінде орналасқан Amangiri қонақ үйі «тыныш алқап» деген мағына береді. Құм мен тас, ал қонақ үйдің ортасында айрықша бассейн. Одан артық не керек?
9. Мальдивадағы Conrad Maldives Rangali Island
Өзіңізді кинодағыдай сезінгіңіз келсе демалу орнын дәл таптыңыз. Қонақ үйге тек гидроұшақ арқылы ғана жете аласыз.
10. Низвадағы Alila Jabal Akhdar Resort, Оман
Jabal Akhdar «жасыл тау» деген мағына береді. Қонақ үйден Аль-Хаджар тау жотасының керемет көрінісін бақылауға болады. Көлікпен ең жақын әуежайға жету үшін 2 сағат кетеді.
11. Имлильдегі Kasbah du Toubkal, Марокко
Бұл төрт жұлдызды қонақ үй Атлас тауында орналасқан. Демалу, жорыққа шығу және оңашалану үшін арналған орын.
12. Фогу аралындағы Fogo Island Inn, Канада
Қонақ үй Ньюфаундленд жағалауының солтүстік-батысында балықшылар ауылы бар аралда орналасқан. Қонақ үйде 29 бөлме бар, олардың бәрінен мұхитты тамашалауға болады. Қонақ үйге жету үшін салмен 2 сағат уақытыңызды қаржылауға тура келеді.
13. Амирантес аралындағы Desroches Island Resort, Сейшел
Сейшелдің ең алыс аралында орналасқан қонақ үй көгілдір суымен, жағажайының ақ құмымен, мұхиттың тамаша көрінісімен кез келген адамды баурап алары сөзсіз.
14. Машпидегі Mashpi Lodge, Эквадор
Mashpi Lodge қонақ үйі тропикалық орманда орналасқан.
15. Хуаншаньдағы Jade Screen Hotel, Қытай
Бұл қонақ үйге апаратын тек бір жол бар. Қонақ үйге жету үшін 60000 баспалдақпен жоғары шығу қажет. Ең бастысы төменге қарамау!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
jayakz
Балидегі Viceroy Hotel, Индонезияға барып 1-2 жыл өмір сүріп келсең а?
berik258
Әдемі! Ыстық жерлер маған қатты ұнайды. Мысалы: Суреттегі Марокко, Оман, Юта, Индонезия, Сейшел.