Жоғары оқу орнына грантпен түсу — көпшілік үшін арман. Бірақ бұл арман бір күнде орындалмайды. Оның артында тұтас бір жыл, тіпті бірнеше жылдық қажырлы еңбек, көз жасы, үміт пен қорқыныш тұрады. Бұл жол әрбір түлек үшін оңай емес.
Мектеп бітіру жылы — жас адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Бұл кезде оқушы тек емтиханға емес, өз тағдырына дайындалып жатқандай сезіледі. Таңнан кешке дейін — тест, дайындық, қайталау. Кейде күнделікті өмірдің өзі тек грант алу мақсатында ғана жалғасып жатқандай көрінеді.
«Түсе алмай қалсам не болады?»
Бұл — түлектің санасында күнде тұратын сұрақ. Кейде ұйқысыз түндер, кейде ішкі дауыспен күрес болады. «Мен дайын емеспін», «Қолымнан келмей қалса ше?» деген қорқыныш жанын жейді. Оның үстіне ата-ананың сенімі бар — олар айтпай-ақ мойныңа артып қойған үміт жүгі. Ата-ана баласына үміт артады. Бұл, әрине, жақсы. Бірақ кейде сол үнсіз сенім балаға ауыр соғады. Себебі баланың өзі де бәрін қалайды. Бірақ сол сенімді ақтай алмай қалудан, сәтсіздікке ұшырап, ұятқа қалудан қорқады.
Жыл бойы дайындық жалғасады. Тесттен тест, байқаудан байқау. Сәл төмен ұпай алса — өз-өзін кінәлайды. Бұл тек білім жарысы емес, бұл — жүйке, төзім мен ішкі күш жарысы.
Сол себепті грантқа түсу — тек бір сәттік қуаныш емес. Бұл — ұзақ дайындықтың, төзімнің, шыдамның жемісі. Бұл — өз қорқынышын жеңіп, үмітті арқалап, ең соңында жарқ етіп жанған жеңіс.
Грантқа түсу — жай ғана «тегін оқу» емес. Бұл — «мен бәріне төздім», «мен қолымнан келетінін дәлелдедім», «мен ата-анамның үмітін ақтадым» деген ішкі мақтаныш пен тыныштық.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бахытбай Алина
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі