Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау

Тар қапастай тарлық еткен зар заман,
Қайран қазақ — көрмегенің қалмаған.
Енді бәрі реттелді ме дегенде
Қу соғыстың жалынды оты жалмаған.

Жауыз фашист, отқа толы жанары
Қыршын өмір сол еді, оның қалауы.
Сан боздақтың сан өмірі үзіліп,
КСРО‑ның қан болды әппақ жалауы.

Тыныштықтың әппақ жібі үзілді,
Сұм жауларды қылмайықшы бізге үлгі.
Ата‑ана баласынан көз жазып,
Баласының шырқы әбден бұзылды.

Елімнің маңдайына біткен бақтар,
Алдарыңнан кездесті сан тараптар.
Жанынан арын биік қойған мына —
Бауыржан, Мәншүгім мен һәмТалғаттар.

Ер есімі ел есінде мәңгі бақи қалады,
Есімізде қалдырамыз — ұрпақпыз біз саналы.
Өшпес іздей іс қалдырып кетсе де,
Аты өшіп табылмағандар бар әлі.

Қылған дұға, әрекеттен күн шығар,
Тұман басқан тағдырлар құлпырар.
Көптен күткен бейбіт күннің бұл дәмін
Қайсар елім — төрт жылдан соң бір татар.

 Жеңісіме 80 жыл толды бүгінде,
Бодан заман артта қалды — күлімде.
Тарихымда ойып алар орны бар,
Жадымызда сақталар ол мәңгіге.    
Авторы: Картенбай Әлия Жеңісбекқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз