Өлең, жыр, ақындар

Соңғы қоңырау сыңғыры

Жүректе қалған соңғы қоңырау да аяқталды. Бұл күн мен үшін жай ғана күнтізбедегі

бір күн емес, естен кетпес естелікке айналды. Таңғы күн сәулесіндей жарқыраған

достарым мен мұғалімдерімнің мейірімді жанары, мектеп ауласын толтырған қуаныш

пен қимастық — бәрі-бәрі 24-ші мамыр күні өткен соңғы қоңыраудан қалған естелік

болып қалды. Осы күнге дайындық кезінен бастағым келеді. Біз соңғы қоңырауда

сыныбымдағы қыздармен квартет болып «Мектеп» әнін шырқадық. Қазір ойланып

еске түсірсем, соңғы қоңырауға дайындалуға барғым келмей жүрген кездер — ең

керемет кездер екен-ау.

Атаулы күнге дайындық біздің мектепте сәуір айынан басталған болатын. Біз күн

сайын мектепке мерекелік көңіл-күймен келіп, сценарий жаттап, қалай жүріп, қалай

тұратынымызға дейін ойластырдық. Ұстаздарға арнау сөздер, сахналық көріністерді

дайындадық.Сынып жетекшіміз — Лунара апай бізге бағыт беріп, әрбіріміздің

белсенді болуымызды қадағалады.Осы тұста бір қуанышты сәтім есіме түсіп тұр. Мен

«Тастүлек» байқауына қатысып, мектептегі дайындық болатын күні сол байқау

нәтижесін жариялау шарасына кеткен болатынмын. «Ұланның» 95 жылдығы өте әсерлі

өтті. Грамотаны және ақшалай сыйлығымды алып, қуанышымда шек

жоқ.Сыныптастарым мені тездетіп мектепке шақырды. Мен бірден мектепке барған

болатынмын. Сынып жетекшім мен директор қолымдағы жүлдені байқап, бірге

суретке түскен болатынбыз. Менің мектепке дайындығымның ең есте қалатын,

керемет күні деп осы күнді айтар едім.Дайындық соңында бітіруші түлектер болып

жылап қалатын кездер де болды. Іштей жылағым келіп тұрса да, ұстазымның көңілін

түсірмейін деп өзімді ұстап тұратынмын. Осылай жүріп, соңғы қоңырау күні де көзді

ашып-жұмғанша келіп жетті. Азанда тұрып, дайындалып мектепке бардым. Ішімдегі

сезімді айтып жеткізе алмаймын. Мен осы күні ғана бітіруші түлек екенімді шын

сезіндім.Салтанатты шара мектеп гимнімен басталып, директордың құттықтау сөзімен

жалғасты. Сахнаға шығып, ұстаздарға алғыс айтып, гүл шоғын тарту еттік. Мен ән

шырқап бітірген сәтте інім келіп, сүйікті гүлімді берді. Соңғы қоңырау сыңғыры

естілген сәтте жүрегім біртүрлі қобалжып, көзіме жас келгенін

жасырмаймын.Салтанатты шарадан кейін біз сәнді безендірілген көліктерге мініп,

қала көшелерімен жүріп өттік. Мектеп бітірушілердің автошеруінің атмосферасы —

бәрібір де бөлек дегім келеді. Алматының биік ғимараттарының жанынан, әуенді бар

дауыспен қосып жүріп өткендегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл —

мектеп бітірушілердің өмірінде болатын ерекше сәт екеніне тағы да көз жеткіздім.Мектеппен қоштасу — жүрекке жылы, алайда қимастыққа толы сәт. Бұл күн менің

есімде өмір бойы сақталады. Шыны керек, осы мақаланы жазып отырып көзіме жас

ұялады. Іштей енді мектепте оқымайтынымды, бұл сәттерді сағынып еске алатынымды

сеземін. Енді болашаққа үлкен үмітпен қадам басып, армандарыма ұмтыламын.

Мектебім берген білім мен тәрбие — менің өмірлік жолымның берік іргетасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз