1 маусым – Балалар күні. Бұрын бұл күн мен үшін ойын, тәттілер, шаттық болатын. Ал
қазір… мен 17 жастамын. Балалық шағым біртіндеп алыстап бара жатқанын сеземін.
Қазір өзімді өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқан адамдай сезінемін. Бұл уақытты мен
балалық пен ересектік арасындағы көпір дер едім. Көпірдің дәл ортасында тұрмын —
артта тәтті естеліктері бар балалық, алда белгісіз, бірақ үмітті болашақ.Балалық
шағымды керемет естеліктермен, сезімдермен еске аламын. Қарапайым сәттердің өзі
ерекше көрінеді: мектепке асыға бару, алғашқы ұстаздың мейірімді жүзі, сыныптағы
күлкі, ойынға толы уақыттар…Енді алғашқы қоңырау мен үшін соғылмайды. Ендігі
мақсат — университетке қадам басу. Алайда, әр кезеңнің өз қуанышы мен қиындығы
бар екен. Кейде кішкентай кезімдегі мәселелерді де сағынамын: қаламымды үйге
тастап кету, достарыммен келіспей қалу, ата-анамнан ұрыс есту — сол кезде үлкен
мәселе болып көрінетін жай нәрселердің өзі бүгін маған тым қымбат.
Қазір бәрі өзгерді. Жауапкершілік артты, таңдау көбейді, арман биіктеді. Бірақ ішімде
сол баяғы бала өмір сүріп жатыр. Ол бала маған шынайылықты, сенім мен мейірімді
ұмытпауды еске салып тұрады.Сондықтан бүгін мен балалыққа алғыс айтып, үнсіз
ғана басымды иемін.Қош бол, балалық!
- Мәулітбек Ұлас
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі