Мысыр пирамидалары – адамзат тарихындағы ең таңғаларлық құрылыстардың бірі.
Олардың жасы 4500 жылдан асады, бірақ соған қарамастан, олар әлі күнге дейін
мызғымай, өз биіктігі мен формасын сақтап тұр. Бұл ғажайып ескерткіштер туристер
мен ғалымдарды таңғалдырып келеді. Қазіргі техникасыз, темір құралсыз, тіпті
дөңгелек пен қарапайым блок ойлап табылмай тұрған кезде, ежелгі адамдар мұндай
құрылысқа қалай қол жеткізді деген ой әрқайсымызда болған шығар?
Пирамидалар қалай салынғаны жайлы деректердің бірі – грек тарихшысы Геродоттың
жазбаларында кездеседі. Ол Египетке біздің дәуірімізге дейінгі 450 жылдары барып,
діни адамдардан естігендерін жазып алған. Оның айтуынша, Хеопс пирамидасын
салуға 100 мың адам қатысқан. Олар әр үш ай сайын ауысып отырған. Алдымен үлкен
тастар Аравия тауларынан Ніл өзеніне дейін жеткізіліп, одан кейін кемелермен арғы
жағаға өткен. Содан соң оларды арнайы салынған жолмен сүйреп, құрылыс алаңына
апарған.Құрылыста темір емес, тас пен ағаш қолданылған. Тастарды жоғары көтеру
үшін ағаштан жасалған сатылар мен арнайы көтергіштер пайдаланылған. Әр қабатқа
тастарды біртіндеп шығарып, пирамида саты-саты болып биіктей берген. Хеопс
пирамидасының биіктігі 146 метрге жетіп, шамамен 50 қабатты ғимаратпен тең
болған.
Мысыр пирамидалары ежелгі адамдардың ақылы мен еңбегінің дәлелі болып
саналады.Олар қарапайым құралдармен-ақ адамзаттың ұмытылмас мұрасын жасап
кетті.
- Мәулітбек Ұлас
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі