Өлең, жыр, ақындар

Мысырда 37 ғасыр бұрын тұрғызылған пирамида

Жақында ғана Мысырда бұрын ғылымға белгісіз болып келген пирамиданы тапты. Бұл туралы көне Мысыр істері бойынша Министрлік Департаментінің басшысы Махмуд Афифи мәлімдеді.

© Ministry of Antiquities وزارة الآثار  

Пирамида үйінділері Каирден 40 шақырымда орналасқан Дахшур патша қорымындағы Сновру перғауынның әйгілі пирамидасының солтүстігінен табылды. Қазіргі уақытта археологтар пирамиданың нақты өлшемдерін анықтауда. 

© Ministry of Antiquities وزارة الآثار  

Ғалымдардың сөзінше табылған құрылыс теңбүйірлі пирамидалар құрылысының алғашқысы болған. Археологтар пирамиданың ішіне кіріп, содан кейін жер бетіне шығатын есігін тапты. Сондай-ақ иероглифтер жазылған алебастр кестелердің бөліктері мен тас шығырлардың кесектері табылған. 

© Ministry of Antiquities وزارة الآثا  

Снофру «құрылысшылар династиясы» деген атпен белгілі Төртінші династияның бірінші перғауыны болған. Оның барлық пирамидаларында жерлеу бөліктері бар. Өйткені Дахшур қорымы сарай адамдары мен ауқаттыларды жерлейтін орын болған. Снофрудың «Сынған» пирамидасы пирамида тұрғызудағы өнерге ауысу стилінің алғашқыларының бірі. Пирамида қырларының бастапқы көлбеу бұрышы  55°, бірақ құрыстың астындағы жер орнықсыз болғандықтан құрылыс майысып кеткен. Сондықтан құрылысшылар пирамиданың іргетасына оған қиғаш пішін беретіндей құрылыс орнатқан:

© commons.wikimedia.org  

Көне Мысыр істері бойынша Министрлік өзінің Facebookтегі парақшасында бұл жаңалық туралы ресми түрде мәлімдеді. Жақында ғана табылған пирамидадағы барлық заттар жақсы сақталған екен. Әрі қарайғы қазба жұмыстары мен иероглифтерді зерттеу көне құрылыстың барлық құпиясын ашады.  

Дереккөз:‎ Ministry of Antiquities وزارة الآثار‎ 
Cуреттер: Ministry of Antiquity of Egypt  IFLscience материалдары бойынша.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Мылтықсыз

Мысырдың әлсіреуі, сосын парсылардың және түркілердің әлсіреуі ислам дінін қабылдаумен тең басталды. Содан кейін олар қайтып ғажайып тарихи мұра жасаған жоқ, бәрі сол қарғыс атқыр о дүние үшін тыпырлау болды.

Ерқожа

Түркілер қайта сол ислам дінін қабалдағаннан кейін күшейді емес пе? Әлем билеген Әмір темір, Осман империясы, Үндістанда бабыр шах, Сұлтан Бейбарыс т,б

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар