IT саласындағы мамандықтар
21 ғасырда ақпараттық технология күннен - күнге даму үстінде. Ақпараттық технологияның дамуымен бірге жаңа мамандықтар пайда болып, сұранысқа ие болып отыр. IT маманы болмас бұрын, соған сай біліміңіз бен тәжірибеңіз болу керек. IT мамандық - нағыз білім бағаланатын бірден бір мамандық болып табылады. IT мамандықтарына шолу жасайық. Жасанды интеллект бойынша программист. Жасанды интеллект (AI) компьютерлерге өз тәжірибелерінен үйренуге, берілген параметрлерге бейімделуге және бұрын тек адамдар үшін мүмкін болатын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Компьютерлік шахмат ойыншыларынан бастап, өздігінен басқарылатын машиналарға дейінгі жасанды интеллектуалды техниканы енгізудің көпшілігінде терең білім алу және табиғи тілді өңдеу өте маңызды. Осы технологиялардың арқасында компьютерлерді үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және олардағы заңдылықтарды анықтау арқылы нақты тапсырмаларды орындауға «үйретуге» болады. Жасанды Интеллекттің әліппесі Python программалау тілін үйренуден бастап алады. Big Data программист. Big Data - бұл үлкен көлемдегі деректерді талдаудың және жүйелі түрде алудың әртүрлі тәсілдерін зерттейтін сала. Big Data күрделі бизнес мәселелері мен жедел ақпарат алу үшін және механикалық немесе алгоритмдік процестерді қолдануды қамтиды. Big Data программистер құрылымы жоқ мәліметтермен жұмыс істейді, олардың нәтижелері бизнесте шешім қабылдауды қолдайды. Үлкен деректерді талдауға деректерді тексеру, түрлендіру, тазалау және модельдеу кіреді. Data Science саласы бойынша программист. XXI ғасырдың мұнайы ол ақпарат. Өміріздегі ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы болашақта одан сайын арта бермек. Кез-келген үлкен компания үшін осы ақпараттармен жұмыс істеу, оған анализ жасау компанияның айлық табысын арттыруға көмектеседі. Data Science - бұл деректерді дайындаудан бастап, тазалау мен талдауға дейінгі барлық дерлік процестерді қамтитын сала. Бұл бағыт статистика, математика, машиналық оқыту, мәселелерді шешу және т.б. сынды салаларды қамтиды. Мобильді қосымша жасайтын программист. Смартфон соңғы жылда біздің өміріміздің айырылмас бір бөлшегіне айналды. Күнделікті досымызға ақша аудару үшін Kaspi.kz приложениесін, тамаққа заказ беру үшін Glovo сынды приложениелерді қолданамыз. Смартфондар үшін екі негізгі операциялық жүйенің бірі Android операциялық жүйесі болып саналады. Android үшін негізгі программалау тілдері болып Java мен Kotlin программалау тілдері болып саналады. Нарықтағы 80% қолданушы Android смартфондарды қолданғандықтан Android үшін әртүрлі мақсатта приложениелер мен ойындар ойлап табатын программист мамандар кәзірдің өзіндеде жәні болашақта да сұранысқа ие болатыны анық. Backend программист. Болашақта сұраныс ие бірден бір мамандық Backend программист болып саналады. Backend программисттің қызметі веб-сайттың логикасын құрастырып, кодын жазып, мәліметтер базасын қалыптастыру. Backend разработка үшін Python, Java, GoLang, PHP программалау тілдері қолданылады. (Мәліметтер 1024online парақшасынан алынды)
Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі