Өлең, жыр, ақындар

Жастар – елдің болашағы

    Әрбір қоғамның дамуы мен өркендеуі жастардың қолында.Өйткені,бүгінгі жас-ертеңгі ел болашағы.Жастардың ойлары терең,арманы асқақ.Олар жаңа өзгерістердің болашағы бола алады.Қазақстанның да болашағы білімді,өнерлі,табанды жастарға тікелей байланысты.

Ары қарай сіздерді қазіргі Қазақстанның жас болса да бас болатын топ 5 талантты тұлғаларымен таныстырамыз.

1.Карина Аманкулова. 2003жылы 6тамызда дүниеге келген.Мамандығы:халықаралық қатынастар,дипломат.Американың топ 8 университеті «Amerikan university» ді тәмамдаған.Феминистка,кітапсүйер,спортшы.

2.Ақтоты Ассанова. 2005жылы 6маусымда туылған.Мектеп  жобалар жасап,түрлі іс-щараларға атсалысқан.4 жылда 10 тіл үйреніп шыққан жас полиглот.Қазіргі таңда «polyglots.school» мектебі бар.Сонымен қатар,«Сломай код:как приручить 11 языков» атты кітабы 2025жылы жарық көрді.

3.Бибісара Асаубаева. 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген.3 жасынан шахматқа қызығып бастаған.2022жылы блиц шахмат бойынша әлем чемпионы атанған.2023 жылы Қазақстанның әйелдер шахматшылар рейтингінде бірінші орынға шыққан.2025жылы «Sharjah Masters» турнирінде үшінші гроссмейстер нормасын орындап,рейтингін алғаш рет 2500 пунктен асырды.Сол арқылы Қазақстанның әйелдер арасында екінші гроссмейстері атанды.17жасында әлем чемпионы болып,Гиннесс рекордтар кітабына ең жас әйел блиц чемпионы ретінде енген. Қазіргі таңда халықаралық шахмат жарыстарында үздік нәтиже көрсетуде.

4.Асель Амангелді. 8 жыл тәжірибесі бар ағылшын тілі мұғалімі.«Harvard» университетінің түлегі.15000 нан аса оқушылары бар «tilu.kz» мектебінің негізін қалаушы.Арыс қаласының кішкентай ауылынан шыққан қазақ қызы.Қазіргі таңда тұрмысқа шыққан,1 ұлдың анасы.Соған қарамастан оқуын бітіріп,қазір Американың беделді компаниясында жұмыс жасап,қазақ жастарына ағылшын тілін үйретуде.

5.Әлия Әшім. Журналист,документалист,блогер,феминистка,режиссер.Бостон университетінің коммуникация мектебінің магистратурасын тәмамдаған.      «Қонаев дәуірі 1960-1989» атты бес сериялы деректі фильмінің режиссеры.«Желтоқсан» тақырыбына көптеген репортаж түсірген.Қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі,ана болу,отбасы мәселелерін жиі қозғайды.«Еркін жанды» жобасы бар. Қазіргі таңда 4 баланың анасы.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Махфуза Еркінқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз