1919 жылы Жетісу облысында жаңа партиялық газеттің жарық көруі – сол дәуірдің ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Сол кезде халыққа тек ақпарат жеткізу емес, идеологиялық бағыт беру және жергілікті оқырманның санасын ояту басты мақсат болды. «Голос Семиречья» газеті – осы қажеттілікті қамтамасыз еткен алғашқы облыстық партиялық басылымдардың бірі.«Голос Семиречья» газеті 1919 жылдың 1-шілдесінде бұрынғы «Хабаршы» газетінің орнына шықты. Газет Жетісу облыстық партия комитетінің қаулысы бойынша жарық көрген және Жетісу аймағы үшін бірінші облыстық партиялық басылым болды. Бастапқыда газеттің редакциясы мен мазмұны бұрынғы газеттерге қарағанда өзгеше ұйымдастырылды.
Газеттің беттерінде келесі бөлімдер жарияланды:
• «Кеңес өкіметінің ісі мен бұйрықтары»
• «РОСТА-ның телеграммалары»
• «Кеңестік Ресей»
• «Шетелдерде»
• «Жергілікті өмір»
• «Партия тұрмысы»
• «Театр мен музыка»
Бұл бөлімдер арқылы газет тек ресми бұйрықтар мен қаулыларды ғана емес, еңбеккерлердің хат-хабарларын, мақалаларын, халықтың күнделікті өмірін де жариялады.Газет халыққа білім беру мен ағарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Мысалы, 8–10 жасқа дейінгі балалардың бастауыш мектепте тегін және міндетті түрде оқуы, мұғалімдерге арналған арнайы курс ашылуы, балалар бақшасында тәрбиешілер даярлайтын курстар, курсанттарға жатақ орын және стипендиялар берілуі жайлы ақпараттар жарияланды.
Сонымен қатар, газет халыққа кеңес билігінің идеологиясын жеткізіп, ауылдық өмірді, еңбекшілердің күнделікті мәселесін көрсетуге күш салды. Шаруашылық жаңалықтар, жергілікті өндіріс, мәдени іс-шаралар мен театр мен музыка жайлы бөлімдер оқырманға сонымен қатар мәдени құндылықтарды түсіндіруге қызмет етті.
«Голос Семиречья» газеті Жетісу облысының әлеуметтік және мәдени дамуына әсер етті. Газет ауыл тұрғындары мен жастардың білім алуына, мәдени ақпаратқа қол жеткізуіне жағдай жасады. Сонымен қатар, газеттің мазмұны адамдарды партия саясаты мен кеңес өмірінің маңызды мәселелеріне қызықтырып, олардың әлеуметтік белсенділігін арттырды.Газеттің жаңа мазмұны мен бөлімдері бұрынғы газеттерге қарағанда оқырманға көп ақпарат жеткізіп, халықты ағартуға және идеологиялық тұрғыдан жетілдіруге көмектесті.
Қорыта айтқанда «Голос Семиречья» газеті – Жетісу облысының алғашқы партиялық басылымы ретінде ерекше мәнге ие. Ол халыққа тек ақпарат беріп қана қоймай, әлеуметтік, мәдени және идеологиялық бағытты ұсынды. Газет тарихы арқылы сол кездегі халықтың өмірін, партиялық және әлеуметтік мәселелерді түсінуге болады. «Голос Семиречья» кейінгі қазақ газеттеріне үлгі болып, журналистиканың дамуына жол ашты.
Жазған: Саулетжан Аружан, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекші: фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі