Мектепте тарих пәнін парақтап оқыған бәріміз білеміз: Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде жылқыны алғаш қолға үйреткен халық — қазақ екені дәлелденді.
Жылқы малы адамға көлік қана емес, сонымен қатар суықта жылытатын киім, ашыққанда тағам болатыны да белгілі.
Қазақ халқы жылқыны үш топқа бөлген. Белгілі этнограф М. Бабажановтың 1871 жылы Ресейдің “Журнал охота” және “Журнал коневодство и коннозаводство” басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ өсіретін жылқыларды былай жіктейді:
1. Күшті, еті тығыз аттар — ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қонға пайдаланылған;
2. Жүрдек аттар — күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар;
3. Жүйрік аттар — жарысқа арналған тұлпарлар.
Жалпы, қазақ тілінде жылқы өсіруге, оның мінез-құлқына, жасына, жүрісіне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы төлдері былай аталады:
• құлын — биенің жас төлі;
• жабағы — 6 айдан асқан құлын;
• тай — 1 жастан асқан жас жылқы.
Ұрғашы жылқы — байтал мынадай жас ерекшеліктерімен бөлінеді:
• құнажын байтал — 2 жастан асқаны;
• дөнежін шығар — 3 жастағы байтал;
• дөнежін байтал — 3 жастан асқаны;
• бесті бие — 4 жастан асқаны;
• қасабалы бие — 7–8 жастағы бие;
• кәртамыс бие — 11–14 жастағы бие;
• жасаған бие — 20 жастан асқан бие.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қалман Мөлдір
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі