Қазіргі ұрпақ не іздеп жүр?
Жан тыныштығынсыз бақытты болу мүмкін емес. Адамның жаны мұң, уайым мен қорқынышқа толы кезде ол табиғи түрде тыныштыққа ұмтылады. Заманауи өмір ырғағының жылдамдығы, ақпараттың шексіз ағыны, әлеуметтік қысым мен күнделікті күйбең — бәрі адамды эмоционалдық шаршауға алып келеді. Қалай таза ауа тәнге қажет болса, жанға да солай тынығу қажет. Бүгінгі қазақстандық жастардың алаңдаушылығы да аз емес: оқу ақысының қымбаттауы, баспананың қолжетімсіздігі, азық-түлік бағасының өсуі, интернеттің нашар жылдамдығы — бәрі психологиялық тұрақтылыққа әсер ететін факторлар.
Зерттеулерге сүйенсек, жастар ғылымды әлеуметтік лифт немесе қаржылық әл-ауқатты жақсарту жолы деп қарастырмайды. Респонденттердің 40,7%-ы ғылымға жай ғана қызығушылық үшін барады деп көрсетсе, 28,4%-ы жобаларды жүзеге асыру, қосымша табыс табу немесе оқуын жалғастыру мақсатында ғылымды таңдайтынын айтқан.
Оқушылар мен студенттердің пікірінше, жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру үшін мемлекет пен бизнес төмендегідей қолдаулар көрсетуі қажет:
Ал ғылымнан гөрі жастардың басым бөлігі өзін-өзі дамытуды дұрыс көреді. Сұралғандардың 34,6%-ы офлайн курстарға қатысатынын, 40,3%-ы онлайн курстарда білім алғанын немесе алып жүргенін айтқан.
Материалдық жағдайға қатысты көрсеткіш те көңіл көншітпейді:
Осындай әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың ортасында жүрген жас буынның ең бірінші аңсайтыны — жан тыныштығы. Бірі білім қуып, біліктілігін арттырса, бірі көңіл көтеруді таңдаса да, түптеп келгенде бәрінің іздейтіні — ішкі тыныштық пен психологиялық тұрақтылық.
Мамандардың айтуынша, жастардың жалғыздық пен тыныштыққа ерте ұмтылысы олардың әлеуметтік байланыстарына, тіпті отбасын құруға деген қадамдарына да әсер етеді. Яғни қазіргі ұрпақ үшін «жан тыныштығы» тек тренд емес, өмірлік қажеттілікке айналып отыр.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ырғызбаева Жансая
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі