Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы кедейлік – өзекті қоғамдық мәселе

    Кедейлік – Қазақстан қоғамындағы маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі. Ол халықтың өмір сүру сапасына, білім мен медициналық қызметке қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда кедейлік деңгейі 5,1% болды. Бұл – 800 мыңнан астам адамтабысы күнкөріс минимумынан төмен өмір сүріп жатыр деген сөз. Аймақтар бойынша айырмашылық айқын: Түркістан облысында кедейлік деңгейі 8–9%, ал Астана қаласында 2–3% шамасында. Сонымен қатар, кедей халықтың 60%-дан астамы ауыл тұрғындары.

Соңғы 15–20 жылда кедейлік деңгейі едәуір төмендеді: 2006 жылы бұл көрсеткіш 18%-дан жоғары болған. Алайда соңғы жылдары инфляция, бағаның өсуі және табыс теңсіздігі кедейлік мәселесінің қайта ушығуына әсер етуде.

Кедейлік – тек табыстың аздығы емес, ол әлеуметтік теңсіздіктің көрінісі. Ресми көрсеткіштер төмендегенімен, өмір сүру құнының өсуі бұл мәселені халық арасында терең сездіреді. Сондықтан әлеуметтік саясатты күшейту, аймақтық теңсіздікті азайту және халық табысын нақты арттыру – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жүнісбай Алтын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер