29 сәуір — Халықаралық би күні. Бұл атаулы күн 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілді. Күннің дәл осы датаға белгіленуі бекер емес: 29 сәуір — «заманауи бидің атасы» атанған француз балет теоретигі Жан-Жорже Новерренің туған күні.
Би тек өнер емес, кейде адам ағзасына зор физикалық жүктеме түсіретін әрекет ретінде де тарихта қалған. Мысалы, 1518 жылы Страсбург қаласында болған «Би обасы» кезінде адамдар бірнеше апта бойы тоқтаусыз билеп, әлсіреу мен жүрек ұстамасынан ондаған адам қаза тапқан. Бұл оқиға бидің спортқа тән ауыр физикалық әсері бар екенін көрсетеді.
Би тарихындағы тағы бір қызық дерек — 1988 жылы Майамиде орнатылған әлемдік рекорд. Сол кезде 119 986 адам бір уақытта конга биін билеп, әлемдегі ең ұзын бишілер тізбегін құрған. Бұл би тек өнер емес, жаппай физикалық белсенділік екенін дәлелдейді.
Бидің спорттық қыры кейде қауіпті жағдайларға да әкелген. Ұлыбританияда кеңселік кеште PSY-дің Gangnam Style биін шамадан тыс билеген ер адам көз жұмған. Мамандар мұны ағзаға түскен артық жүктемемен байланыстырған.
Сонымен қатар би өнер әлемімен де тығыз байланысты. Көпшілікке рэп аңызы ретінде танымал Тупак Шакурдың балетпен айналысқаны, ал брейкданстың 1970 жылдары Нью-Йоркте көше жанжалдарын қақтығыссыз шешу құралы ретінде пайда болғаны бидің мәдени және әлеуметтік маңызын көрсетеді. Ал танго 1890 жылы Аргентинада дүниеге келіп, бүгінде ең сезімтал билердің бірі саналады. Би — тек спорт немесе тек өнер емес. Ол физикалық төзімділік пен эстетиканы қатар талап ететін, адам ағзасына да, мәдениетке де әсер ететін екі қырлы құбылыс.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серік Гүлсана
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі