Қазақ тілі — ұлттың рухани байлығының негізі. Тілдің дамуы мен күнделікті қолданыста болуы тек мемлекеттің ғана міндеті емес, сонымен қатар жастардың белсенді қатысуына тікелей байланысты.
Қазақстанда қазақ тілінің қолданыс аясы жылдан жылға кеңейіп келеді. 2021 жылғы халық санағының нәтижесіне сәйкес, халықтың 80,1%-ы қазақ тілін меңгерген, яғни сөйлей, түсіне немесе оқи алады. Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, балалар мен жастардың 66,2%-ы жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінде білім алады. Бұл — білім беру жүйесінде мемлекеттік тілге деген сұраныстың артып келе жатқанын және жастардың тілге қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Жастар арасында қазақ тілін насихаттауға өз үлесін қосып жүрген тұлғалардың бірі — Қазақстан дауысын әлемге танытқан Димаш Құдайберген. Оның әрбір орындаған әні тыңдарманның жүрегіне жетіп, шетелдік көрермендердің де қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруда. Димаштың концерттері тек эмоциялық әсер сыйлап қана қоймай, тіл мәдениеті мен сөздік қорды байытуға да ықпал етеді. Себебі оның шығармаларында көркем, мағыналы әрі бай тіл қолданылады.
Қазақстанда қазақ тілінің дамуы мен тілдік дағдылардың қалыптасуы жастардың белсенділігімен тығыз байланысты. Халықтың 80%-дан астамының қазақ тілін меңгеруі және жастардың басым бөлігінің қазақ тілінде білім алуы — мемлекеттік тілдің болашағын қамтамасыз ететін маңызды факторлар.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Хамит Фариза
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі