Ән – адамның көңілін көтеріп, жанын тыңайтатын ғажап сиқырлы құрал. Әнді айтасың, тыңдайсың, кейде билеп, өз эмоцияңды шығарасың. Халықаралық музыка күні 1975 жылдан бері 1 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке 1973 жылы ЮНЕСКО аясында Лозанна қаласында өткен Халықаралық Музыка Кеңесінің 15-Бас ассамблеясында қолдау тапқан.
Қазақстандағы музыканың жаңа бағыты: Q-pop
Қазақстанда дәстүрлі және классикалық әндермен қатар Q-pop (хип-хоп бағытындағы поп) танымал болуда. Сол бағыттағы алғашқы топтардың бірі – Ninety One.
Мүшелері: AZ (Азамат Байболатұлы Зенкаев), ZAQ (Дулат Болатұлы Мұхамедқалиев), ALEM (Батырхан Абайұлы Мәлік), ACE (Азамат Қайратұлы Ашмақын), BALA (Данияр Ақылбайұлы Құлымша)
Продюсері: Ерболат Беделхан (Орда тобының мүшесі)
Дебют: 2015 жылы «Айыптама» әні
Фан-клуб: EAGLES
Топ өз стилімен, ерекше шаш үлгісімен ерекшеленеді. 2017 жылы Ninety One өз тарихы мен топ құру жайлы «Ninety One» атты кино түсіріп, прокатта топ үштігіне кіріп, касса 32 672 000 теңге жинады.
2019 жылы олар Кореяға барып, «I Can See Your Voice» шоуында жеңімпаз атанды. 2020 жылы лидер AZ топтан шығып, бірақ қалған мүшелер ынталарын жоғалтпай әрі қарай дамуды жалғастырды. 2022 жылы топ жеке шығармашылықпен жұмыс істеу үшін JUZ ENTERTAINMENT-пен келісімін тоқтатып, өз алдына әрекет етті.
Үздік әндері: Айыптама, Қайтадан, Қалай қарайсың?, Ұмытпа, Қайырлы түн, У, Ля, Tap-Tap, Бүгінгі күннен, Su Asty, Yeski Taspa Bii’, M.B.B.A.B.B.D, Bayau, Mooz, Sau, Ah!Yah!Mah!, E.YEAH, ALL I NEED, BOYMAN, Why’m, Men emes, Bári biled, Kóilek, Olar, Señorita, Oinamaqo, Nice Weather, Taboo (feat. Ирина Кайратовна), Darn, Jurek, Bope, Abuse, Bata, Qooma, Suraqtar.
2025 жылдың ең үздік әндері
ALEM – «Күйім»: YouTube – 32 млн қаралым, Spotify – 2,9 млн
BAYANSULU – «Aua rai»: YouTube – 27 млн, Spotify – 458 мың
Turar – «Иіс»: YouTube – 57 млн, Spotify – 803 мың
Ернар Амандық – «Кейіпкер»: YouTube – 30 млн, Spotify – 3,5 млн
Aibek – «BAUYRLARYM»: YouTube – 26 млн, Spotify – 240 мың
Айқын Төлепберген – «Сүйгенім»: YouTube – 20 млн, Spotify – 3,5 млн
Айгерім Қалаубаева – «Жүрек неге жылайды?»: YouTube – 12 млн, Spotify – 75 мың
SADRADDIN – «Telefon»: YouTube – 12 млн, Spotify – 472 мың
6ELLUCCI & JUNIOR – «KZO II»: YouTube – 10 млн, Spotify – 1,1 млн
Димаш Құдайберген – «Тау ішінде»: YouTube – 5,9 млн, Spotify – 950 мың
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рысбекова Майра
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі